Оқитын мемлекеттік қызметкер

Нұра ауданының кітапханаларында өткізілетін "Оқитын мемлекеттік қызметкер" аудандық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелер:

1."Оқитын мемлекеттік қызметкер" байқауы (бұдан әрі – байқау) Нұра ауданының кітапханаларында өткізіледі.

2. Байқауға жеке тұлға немесе ұжым, мемлекеттік және азаматтық қызмет басшылары мен мамандары қатыса алады.

3. Байқаудың құрылтайшылары:

– Нұра ауданының "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

– Аудандық орталық кітапхана.

2.Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

2.2. Мақсаты: Оқырман мәдениетін қолдау және дамыту, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, ана тіліне ұқыпты қарау, жастарға адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.

2.2. Міндеттері: Ұлттық әдебиетке оқырман қызығушылығын қолдау және дамыту; мемлекеттік және азаматтық қызметкерлердің назарын оқу мәселелеріне тарту; ең белсенді пайдаланушыларды анықтау; кітапханаға жаңа пайдаланушыларды тарту.

3.Өткізу мерзімі:

3.1. Байқауды өткізу мерзімі 2020 жылдың 1 ақпаннан 23 маусымына дейін

3.2 Байқау 2 кезеңде өткізіледі.

1-кезең: ауылдық кітапханаларда жеңімпаздарды анықтау (2020 жылдың 10 маусымына дейін));

2-кезең: аудандық деңгейде жеңімпаздарды анықтау (22 маусым 2020 жыл).

4. Байқаудың өткізудің шарттары мен тәртібі:

4.1. Байқауға ауыл және кент әкімдері аппараттарының қызметкерлері, бөлім басшылары, аудан ұйымдары қатыса алады.

4.2 Кітапханаларда оқырман формулярларына талдау жүргізіледі, осы категориялар арасында әдебиеттің түрлі жанрлары бойынша белсенді оқырмандар анықталады.

4.3 Кітапханалар жүйесінің өткізетін іс-шараларына сайыскерлердің белсенді қатысуы.

4.4 Байқау туралы барлық ақпарат nuralib kz сайтында, әлеуметтік желілерде жарияланады.

5. Қорытынды жасау және марапаттау:

5.1 Жеңімпаздарды іріктеуге ауданның барлық тұрғындары nuralib kz сайтының беттерінде және әлеуметтік желілерде дауыс беру арқылы белсенді қатыса алады.

5.2 Арнайы комиссия интерактивті дауыс беруді талдау жолымен байқау жеңімпаздарын анықтайды.

5.3 Байқау нәтижесі 23 маусым күні аудандық кітапханада мемлекеттік қызметкерлер күні қорытындыланып, "Нұра"газеті беттерінде жарияланады.

5.4 Байқау жеңімпаздары алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталады.

5.5. Байқау қорытындысы "Нұра" газетінің беттерінде, ұйымдастырушылардың сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілер беттерінде жарияланады.