Аудандық Оқу көшбасшысы байқауының Ережесі.
1. Жалпы ережелер
- Нұра аудандық кітапханасы Оқылым- өмір бейнесі атты бағдарлама аясында байқау өткізеді.
- Байқаудың үйлестірушісі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.
- Байқаудың ақпараттық жаршысы:
-
- nuralib.ful.kz Нұра ОКЖ сайты
- БАҚ – Нұра газеті
2. Байқаудың мақсаты мен міндеті:
- Оқудың маңыздылығының құндылығын қалыптастыру.
- Кітаптың, кітапхананың мерейін арттыру.
- Киевка кентінің тұрғындарын, әсіресе жастарды оқуға тарту.
- Дәстүрлі тбасылық оқуды сақтау және дамыту.
- Оқитын адам бейнесін қалыптастыру.
- Үздік оқырмандарды айқындау және ынталандыру.
3. Байқаудың өткізу мерзімі мен шарттары:
- Байқау 2014 жылдың 1 сәуірінен 2015 жылдың 1 сәуіріне дейін өткізіледі.
- Байқауға Киевка кентінің барлық тұрғындары қатыса алады.
- Байқауға қатысу үшін оқырманның кітапханаға тіркелуі негіз болады.
- Байқауға қатысқысы келген оқырман аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде сауалнама (қатысуышының тегі, аты, әкесінің аты (толығымен), оқитын оқу орны мен жұмыс істейтін мекемесі, жасы, неше жылдан бері кітапхана оқырманы, байланыс телефоны және e-mail) сияқты деректерді толтырады.
4. Байқау номинациялары:
- Оқу көшбасшысы
- Құрметті оқырман (жасы ұлғайған оқырман)
- Ең көп оқитын отбасы
- Мистер Детектив
- Мистер Фэнтези
- Тарихи романның ханымы
- Ең көп оқитын сынып
5. Байқау жеңімпаздарын бағалау шарттары, қортындылау:
- Жеңімпаздарды анықтау шарттары:
-
- кітапханаға қатысушылық саны;
- оқылған кітаптар саны;
- кітапхана ұйымдастырған іс-шара, акцияларға қатысуы;
- жаңа оқырмандарды тарту;
- Жеңімпаздарды анықтау үшін құрамына Орталық аудандық кітапхананың жетекші мамандары бар әділ қазылар алқасы құрылады.
- Қортындылау және жеңімпаздарды марапаттау Орталық аудандық кітапханада өтетін Кітапхана түні акциясы кезінде жүргізіледі
6.Байланыс ақпараттары:
Адрес: Киевка к., Абай к., 37
Тел. : 22-2-10 – кітапханаларды дамыту бөлімі
E-mail:nura70@mail.ru
metodnura@mail.ru