ЕРЕЖЕ
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған "БІЛІМДІДЕН ШЫҚҚАН СӨЗ" облыстық бейне дәйексөз акциясын өткізу туралы
Тұжырымдамалық идея:
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпы республикалық жоспарды іске асыруда кітапханалардың рөлін арттыру
Ұйымдастырушы:
Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.
І. Жалпы ережелер
1.1 Осы Ереже акцияның мақсатын, өткізілу тәртібін, мазмұнын анықтайды;
1.2 Акция Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 30 мамырдағы "Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы" Жарлығы аясында өткізіледі.;
1.3 Акция ақпараттық коммуникация саласындағы шығармашылық бастаманы қолдайды;
1.4 Акцияның өткізілу барысы туралы ақпарат және осы Ереже karlib.kz сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады.
ІІ. Акцияның мақсаты мен міндеттері
2.1 Акцияның мақсаты ұлы ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының мәдени мұрасын қазіргі заманғы ақпараттық коммуникацияларды қолдану арқылы насихаттау болып табылады.
2.2 Акцияның Міндеттері:
ü Ұлы гуманисттің шығармаларын көркем және мәнерлеп оқуға мүмкіндігінше көп адамдар санын, әсіресе жастарды баулу;
ü Ақынның ағартушылық идеяларын тарату бойынша алаң құру, ақынның шығармашылығын танымал ету контекстіндегі инновациялармен таныстыру;
ü Халықтың ақын тұлғасы туралы, оның ғасырлар тоғысында және қазіргі уақытта елдің рухани дамуына әсері туралы білім деңгейін көтеру.
II. Акцияға Қатысушылар
3.1 Акцияға қатысуға оқырмандар, кітапхана қызметкерлері және Қарағанды облысының әдеби клубтары шақырылады.
ІV. Акцияны өткізу тәртібі
4.1 Бейнеролик үшін Абай шығармаларынан кез келген дәйексөз таңдап, бейне дәйексөз дайындау қажет;
4.2 Бейнеролик қатысушының таңдауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде ресімделеді. Ағылшын тіліндегі бейнероликтер қазақ немесе орыс тілдерінде субтитрлермен сүйемелденуі тиіс;
4.3 Бейнеролик 1 минуттан аспауы тиіс;
4.4 Жіберілетін бейнежазбаларда кітапхананың атауы, бейнероликтің қатысушының аты-жөні және дәйексөзге сілтеме көрсетілген титрлер міндетті.;
4.5 Жіберілетін бейнежазбаларда жарнамалық сипаттағы ақпарат, бөгде ресурстарға сілтемелер болмауы тиіс;
Дайын бейнеролик кітапханалардың YouTube, Instagram Facebook және т. б. әлеуметтік желілерінің беттерінде #karlib #Абайбейнецитата #Абайвидеоцитата #Абай175krg#Abay175krg #бейнецитата хештегтерімен орналастырылуы тиіс.
V. Бейнероликтер келесі талаптарға сай болуы тиіс
5.1 Жұмыстың көркемдік мәнерлілігі;
5.2 Мультимедиа контентін дұрыс пайдалану;
5.3 Жұмысты техникалық іске асыру ерекшеліктері;
5.4 Бейнеқатар, дыбыстық сүйемелдеудің үйлесімділік шектеулілігі.
Жоғарыда аталған шарттарға сәйкес бейнероликтер абайтанушылардың, Қазақстан Жазушылар одағы мүшелерінің қарауына ұсынылып, Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК YouTube арнасында жарияланады.
Акция ұйымдастырушылары ең ерекше және креативті бейне дәйексөздерді атап өтеді.
VІ. Бейнероликтерді жариялау мерзімі
6.1 Бейнероликтерді жариялау 2020 жылғы 15 наурыздан 31 қазанға дейін жалғасады;
6.2 Бейнероликтерді төменде көрсетілген толтырылған кестемен бірге (қатысушының мәліметтері) metod@karlib.kz электрондық поштасына жіберу қажет.
№ Т. А.Ә. Туған жылы, күні, айы
Кітапхана атауы Байланыс телефоны