
Нұра ауданы – тамаша көркем өлке. Нұралықтар өз жерін сүйеді, ұш-қиырсыз даласын, таза көлдерін, егісті даласын, әндерін, билерін, салт-дәстүрлерін мақтан тұтады.
Есімі Нұрамен байланысты даңқты ұл-қызы тумаған Нұраның бір де бір бұрышы жоқ. Бұл –олардың Отаны, адамға өмірімен бірге бір рет және мәңгіге берілетін мұрасы.
Нұра ауданымен аудан тарихында елеулі із қалдырған адамдар тағдыры байланысқан.