Виталий Сергеевич Туляков

1949 жылдың 10 қарашасында туған. 1957 жылы Ивановка орта мектебінің 1 сыныбын аяқтаған. Мектепті аяқтағаннан кейін шаруашылықта: әртүрлі жұмыстар істеген, электромонтер, су тартқыш үйінде моторшы, от жағушы. 1969 жылдан әуелі Қарқаралыдағы зоотехникалық, кейін Целиноградтағы ауылшаруашылық техникумдарында оқыған. Көзінің нашар көретіндігіне байланысты екеуін де аяқтай алмаған. 1973 жылы ВТЭК-тің қорытындысымен мүгедектікке шығады. 1983 жылдың мамырынан 1992 жылдың шілдесіне дейін Қазақ Соқырлар Қоғамының Нұра аудандық бастауыш ұймының төрағасы қызметін атқарады. Оның бірінші жазған мақаласы Нуринский хлебороб газетінде жарық көрген. Осыдан кейін ол редакциядан өзіне жиі мақала жазып өтуді ұсыныс жасаған хат алады. Осы жағдай сеп болуы мүмкін, ол 1975 жылдан өлең, очерк, әңгіме, повестер жаза бастайды. Оларды Юность, Новый мир, Молодая гвардия, Простор басылымдарының редакциясына жібереді. Бұл журналдардан байыпты жұмыс істеу туралы үміттендірерлік хаттар келіп тұрады. Шығармалары негізінде Индустриальная Караганда, Азия-Транзите газеттерінде, Заря журналында басылып отырады. Ақын М.Д. Балыкинмен бірнеше рет кездесіп, онымен поэзия туралы сұхбаттасады. 30 жылдан артық шығармашылық өмірінде көптеген очерк, әңгіме және өлеңде туындайды, әрі жарық көреді. Виталий Сергеевич әр түрлі тақырыптарды, соның ішінде өзекті тақырыптарды қозғайды. 2007 жылы Капли вдохновения атты жинағы шығады. Жинаққа кірген біздің замандастарымызға арналған. Кітапқа кірген очерктер поэзия сүйетін оқырман қауымның шыйнайы қызығушылығын оятады.