
Жойқынбеков Қанат (1937 ж.т.) – жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Маржанкөл ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1966). Қарағанды облыстық Орталық Қазақстан газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, республикалық Социалистік Қазақстан газетінің Целиноград (Ақмола) облысындағы меншікті тілшісі, Жазушы баспасында редактор болған. Махаббат әлдиі, Азамат арманы, Оралу, Біздің ауылдың адамдары, Замандастар, Өз тағдырыңа қожа бол, Әйел өмірі, Ел шоңы романы т.б. прозалық кітаптардың, Төрт боздақ пен қыз, Азамат болсаң пьесаларының авторы.
Жазушы Қанат Жойқынбеков – 60 жаста мерейтой/ Нұра.- Киевка, 1997.- 6 желтоқсан – 3 б.