2001 жыл

Оралбай Әбдікәрімов.
Оралбай Әбдікәрмов 1944жылдың 18желтоқсанында Киевка кентіндетуған. 1969 жылы Қарағанды индустриалды-педагогикалық техникумды, содан кейін 1975 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін тамамдаған. Кеійн Алматы жоғары партия мектебінде оқыған.
Еңбек жолын шопандықтан бастаған (Нұра ауданының Изенді ауылында), әскери теңіз флотында борышын атқарған. 1969 жылдан бері қоғамдық-саяси жұмыста. 1981жылдан бастап еліміздің басқару органдары салаларында әртүрлі мемлекеттік қызметтер атқарады. ҚазКСР халық депутаты (1990-1993), Қазақстан Компартиясы атынан. Депутаттық этика және депутаттық өкілеттілік мәселелері женіндегі комитет төрағасының орынбасары (1990-1992).
Қазақстан Республикасы ПрезидентіАппараты мен Министрлер Кабинетінің ұйымдық-инспекторлық және аумақтық даму бөлімдерінің меңгерушісі болып тағайындалған, Елбасы Әкімшілігінің Басшысы, республикалық Жоғары тәртіптік кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы қызметтерін атқарған.
1999ж.қарашаның 30-ындаҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалады.
1999ж.желтоқсанның 1-індеҚазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болым сайланған.
2004ж.наурызайында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.
2007ж.мамырдың 15Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметін атқарды.
2007ж.тамыздың 28ҚР Президенті жарлығымен ҚР Парламенті Сенаты депутаты боп тағайындалған (Президент үлесі бойынша).
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі12 шақырылымының депутаты болған. 2008 жылдан Нұр ОтанХДП жанындағы республикалық қоғамдық жемқорлықпен күрес кеңесінің төрағасы.
Әскери атағы- отставкадағы полковник.
Марапаттаулары: II дәрежелі Барыс, ТМД ПАА Ынтымақтастығы ордендерімен; 8 медальмен марапатталған. 2011 жылы Нұра ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.

Рашит Төлеутайұлы Түсіпбеков.
Рашит Төлеутайұлы Түсіпбеков 1955 жылы 28 қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келген. 1962 жылы ата-анасы Қарағанды қаласына қоныс аударады, осында №3 мектепте оқиды. Бітіргеннен кейін Қарағанды облыстық атқару комитетінің өрт сөндіру бөлімінде жүргізуші болып жұмыс істейді. 1976 жылы әскер қатарынан қайтып оралғаннан кейін, Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, оны 1981 жылы үздік бітіреді. Үш айлық тағылымдама өткеннен кейін 1981 жылдың қараша айында Совет ауданының халықтық сотының соты болып сайланады.
1984 жылдан 1993 жылға дейін Нұра ауданында сот төрағасы болып жұмыс істейді. 1993 жылдан 1999 жылға дейін Қарағанды облыстық соттың төрағасы лауазымын атқарады.1999 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының соттық коллегиясының төрағасы қызметінде болады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының төрағасы міндетін атқарады. 2000 жылдың қазанынан желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілдендіру Комитетінің төрағасы қызметін атқарады.
2000 жылдың 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалады. 2005 жылдың 15 желтоқсанында екінші конституциялық мерзімге қайтадан Қазақстан Республикасының Бас прокуроры болып сайланады. 2009 жылды 2 сәуірінен 2012 жылға дейін Қазақстан Республикасының әділет Министрі. 2012 жылдың 21 қаңтарынан – Қазақстан Республикасының экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес Агенттігінің төрағасы.
Р. Түсіпбеков ғылыми мақалалар, оқулықтар мен монографиялардың авторы. 2003 жылдың 8 желтоқсанында Барыс ІІ дәрежелі орденімен марапатталған. Парасат ордені, 2005 жылы ҚР Конституциясына – 10 жыл, 2006 жылы ҚР Парламентіне – 10 жыл мерейгерлік медальдарымен мараптталған. 2001 жылдың 18 қазанында Нұра ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.