2005 жыл

Жанәбіл Баймағамбетов.
Ұлы Отан соғысы және ІІМ ардагері, милицияның отставкадағы полковнигі, Нұра ауданының Құрметті азаматы Жанәбіл Баймағамбетовтың балалық шағы ауыр 30 жылдарға келді. Бұл елімізді аштық пен қуғын-сүргін жайлаған жылдар еді. Соғыс басталғанда 18 жастан жаңа ғана асқан жасөспірім болатын.
Жанәбіл Баймағамбетов 1922 жылы Нұра ауданының Изенді ауылында дүниеге келген. Өте ерте жетім қалғандықтан, балалық шағын Казгородок ауылының жетім балалар үйінің қабырғасында өткізеді.
Мектеп бітірген жылы соғыс басталады. 1941 жылдың тамыз айында Қызыл Әскер қатарына шақырылады. Көптеген шайқастарға қатысады, оның ішнде атақты Корсунь-Шевченко операциясы да бар. Соғыста көрсеткен ерліктеріі үшін ІІІ дәрежелі Даңқ ордені, Ұлы Отан соғысы орденімен, Германиядағы Жеңіс үшін, Кенигсбергті алу, Кеңес Одағының маршалы атымен аталған Жуков медальдерімен марапатталады. Еңбек жолын аудандық партия комитетінде насихаттаушы лауазымынан бастайды. 1947 жылы оны құқық қорғау орындары қызметке шақырады.
Құқық қорғау саласында ол өз қызметін Щербаков пен Изенді ауылында учаскелік инспектор қызметінен бастайды, кейін паспорт столының бастығы, қылмысты іздеу қызметінің төтенше өкілі болып жұмыс істейді. Соңғы он жыл қызметін ведомоствадан тысқары күзет бастығы болып жұымс істейді. Оның қызметі ҚР “IIM мінсізқызметіүшін” медалымен және басқа көптеген марапаттаулармен аталып өтілген. 2005 жылдың 7 сәуірінде Нұра ауданының Құрметті азаматы атағын иеленді. 2007 жылы қайтыс болды.