Әген Мұқашұлы Тентекбаев
Әген Мұқашұлы Тентекбаев 1928 жылы туған. Тыл ардагері, республикалық дәрежелі зейнеткер. Әртүрлі лауазымдар атқарған: аудандық қаржы бөлімінің бастығы, аудандық атқару комитетінің төрағасының орынбасары.
Құрмет белгісі орденімен, Ерен еңбегі үшін және басқа мерейгерлік медальдармен марапатталған. 2006 жылдың 6 қаңтарында Нұра ауданының Құрметті азаматы атағына ие болды.
2006 жылы қайтыс болған.
Жарылғасын Бикенов
Жарылғасын Бикенов Черниговка (қазіргі Көбетей) ауылында туған. 1943 жылы ол дүниге келген кезде, соғыстың немен аяқталатыны әлі белгісіз еді. Жарылғасын Бикенов, соғыс кезінде туған балалардың бәрі сияқты еңбекке ерте араласты. Ол балалық шағынан нақты ғылымдарға ұмтылды, әсіресе шотта санағанды ұнататын. 1960 жылдың қысында орта мектепті бітіргеннен кейін Шахтер шаруашылығының жұмысшылар кооперациясына есепшінің оқушысы болып жұмысқа қабылданады. Осыдан кейін ол шотпен жарты ғасырдай жұмыс істейді. Калькулятор, компьютерлер пайда болады. Бірақ Жарылғасын Бикенов шотынан айырылмайды.
Жұмысышлар кооперациясында аз уақыт арасында оны бас есепшінің орынбасары етіп тағайындайды. Ол Целиноград қаласындағы кооператив техникумына Бухгелтерлік есеп мамандығы бойынша оқуға түседі және оны 1963 жылы бітіріп шығады. Одан әскер қатарында борышын өтейді, Новосибирск қаласындағы кеңестік кооперативтік сауда институтында оқиды. 1968 жылдан есепшілік жұмысы басталады: басында бас есепшінің орынбасары, содан кейін – Нұра аудандық тұтынушылар одағының бас есепшісі. 1971 жылы Жарылғасын Бикенов Қарағанды облыстық тұтынушылар одағының орталық бухгалетриясының бас есепшісі, тұтынушылар кооперациясының күшті дамыған жылдарында – бухгалтерлік есеп және бақылау басқармасының бастығы қызметін атқарды.
1973-1998 жж. Ж. Бикенов Орталық одақ пен Қазақстан тұтынушылар одағының бекітуімен Қарағанды кооператив институтының мемлекеттік емтихан қабылдау комиссиясының төрағасы болып тағайындалды. Осы жоғары оқу орнында сабақ береді. Бухгелтерлік есепті жетілдіру, оны жаңарту және автоматтандыру туралы мақалалар жазған. Бухалтерлік есеп теориясы оқулығын жазғанда ұжымдық авторларды басқарды. Жаңаарқа мен Нұра қазақтарының шежіресі жазылған төрт кітаптың құарстырушысының бірі болып табылады.
2006 жылдың 6 қаңтарында Ж. Бикеновке Нұра ауданының Құрметті азматы атағы берілді. Белгілі ақын Қайрат Жұмағалиев оған Нұраның айтулы азаматы атты поэмасын арнайды.
Мақажанов Нұрсапа
Мақажанов Нұрсапа 1924 жылы Өркендеу ауылында туған. Ұлы Отан соғысының ардагері. Нұра комсомолының бірінші хатшысы. Шахтер нан қабылдау пунктінің директоры болған.
Марапаттаулары: ІІ Ұлы Отан соғысы ордені, мерейгерлік медальдар. 2006 жылдың 6 қаңтарынан Нұра ауданының Құрметті азаматы.
Николай Васильевич Макаров
1920 жылы Целиноград облысының Шучинск қаласында дүниеге келген.
1940 жылы әскерге шақырылады. Атақты Қызыл Тулы Алыс Шығыстағы құрылысшылар батальонында әскери борышын өтейді.
Соғыс басталғаннан 87 гаубица артиллериялық полкінде, 95-ші гвардияның Сталинградтық артиллериялық бригадасында барлаушылар бөлімшесінің командирі болады.
Жауынгерлік ерліктері үшін екі Қызыл Жұлдыз орденімен, І және ІІ дәрежелі Отан соғысы, І дәрежелі Даңқ орденімен, Ерлігі үшін, Кенигсбергті алғаны үшін, Германиядағы Жеңіс үшін, медальдарымен марапатталған. 1944 жылы Витебск үшін шайқаста бастан ауыр жараланған. Соғысты Кенигсбергте аяқтаған.
Николай Васильевич елге оралғаннан кейін Осакаровкадағы Прогресс промартелінің төрағасы болады, Болышевик Пиа атындағы, Тракторист совхозында жұмыс істейді. Киевка кентінде 1013 ЖМК бастығы болған. 5-ші ЖҚБ прораб болып жұмыс істеп жүріп зейнеткерлік демалысқа шықты.
2006 жылы Нұра ауданының Құрметті азаматы атағы берілген 4 адамның бірі.