2011 жыл

Думан Ахатұлы Абильдинов
Думан Ахатұлы Абильдинов 1944 жылдың 23 ақпанында Нұра ауданының Жараспай ауылында туған. Еңбек жолын 1959 жылдың тамыз айынан 1960 жылға дейін Кенжарық шаруашылығында әр түрлі жұмыстар істеуден бастаған. Содан кейін бір жылдай Индустриальный шаруашылығында жұмысшы болды.
1961 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтына оқуға түседі. 1966 жылы институтты бітіргеннен кейін Нұра ауданының Маржанкөл шаруашылығының агрономы болып тағайындалады. 1966 жылдың қазан айында әскер қатарына шақырылады.
1967 жылдың желтоқсан айында әскерден оралғаннан кейін Индустриальный шаруашылығының №3 бөлімшесінің аға агрономы болып тағайындалады. 1972 жылдан 1977 жылға дейін Чкалов атындағы шаруашылықтың бас агрономы міндетін атқарады.
1975 пен 1990 жылдар арасында Путь Ленина шаруашылығының директоры болып істейді. 1990 жылдың сәіур айынан Нұра аудандық Компартиясының бірінші хатшысы болады. 1992 жылдың ақпанынан 1995 жылдың қазанына дейін Киевка кентінде Нұра аудандық әкімшілігін басқарады. 1995 жылдан 1996 жылы Нұра ауданының Әкімі қызметін атқарады. 1996 жылдан 2002 жылға дейін Сенат депутаты. 2002 жылдың желтоқсан айынан егін шаруашылығы Департаментінің агротехнологиялық саясат Басқармасының өсімдік шаруашылығы бөлімінің бастығы қызметінде болды.
Думан Ахатұлы Абильдинов Еңбек Қызыл Ту ордені, Қажырлы еңбегі үшін медалымен марапатталған. Думан Ахатұлы Абильдиновке 2011 жылы 18 қазанда Нұра ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.