2012 жыл

Дауылбай Мейрамұлы Құсайынов

Дауылбай Мейрамұлы Құсайынов 1947 жылы Киевка кентінде туған. 1971 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын аяқтаған.
Өзінің еңбек жолын Балықтыкөл шаруашылығында механика маманы болып бастайды. Содан кейін Казсельхозтехникада инженер болып жұмыс істейді. 1975 жылдан 1979 жылға дейін Трудовик шаруашылығының партия комитетінің хатшысы қызметін атқарады. 1979 жылдан 1985 жылға дейін ауыл шаруашылық жұмыскерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы болады. Бір жылдай облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, 1986-1991 жылы аудандық партия комитетінің екінші хатшысы қызметтерінде болды. 1996 жылдан 2007 жылға дейін Нұра ауданының Әкімі. 2007 жылдан Мәжіліс депутаты.
Құрмет орденімен марапатталған. 2010 жылдан зейнеткерлік демалысқа шықты.
2012 жылы Дауылбай Мейрамұлы Құсайыновқа Нұра ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.

Георгий Георгиевич Прокоп

Георгий Георгиевич Прокоп 1950 жылы Нұра ауданының Киевка кентінде туған.. Осы жерде мектепке барған. 1973 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын институтты тамамдағаннан кейін 1973 жылы машина-тракторлық шеберханасының меңгерушісі, Вишнев ауданының Вячеславский шаруашылығының бас инженері болып бастайды.
1976 жылдың желтоқсанынан 1986 жылдың шілдесіне дейін Нұра ауданының бұрынғы Черниговка шаруашылығының бас инженері болып жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығының шебері В.Ф. Вольфтың бай тәжірибесін қабылдаған.
1986 жылдан осы күнге дейін, 20 жыл бойы аудандағы ең ірі өсімдік және астық шаруашылығы Шахтерское ЖШС-ін басқарып келеді. Облыстық Нұр Отан партиясының филиалының саяси кеңесінің мүшесі, аудандық маслихаттың депутаты Г.Г. Прокоп, бар уақытын сүйікті ісіне – өлкенің ауыл шаруашылығын дамытуға береді.
Мемлекетке сіңірген еңбегі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі, қоғамдық белсенді қызметі үшін Құрмет, Парасат ордендерімен, Ерен еңбегі үшін, Тыңға 50 жыл, БХЖК 2 медалымен марапатталған. 2014 жылы ҚР Президентінің қолынан Отан орденің қабыл алды.