2013 жыл

Бақыт Несіпбайқызы Қайырбекова
Бақыт Несіпбайқызы Қайырбекова 1937 жылы туған. 1962 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген.
1962 жылдан 1999 жылға дейін аудандық денсаулық сақтау бөлімінде балалар дәрігері болып жұмыс істейді.
1976 жылы Коммунистік еңбек озаты атағы беріледі. 1976 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен, денсаулық Министрлігінің, аудан Әкімінің мақтау қағаздарымен марапатталған.

Қайыржан Бекішұлы Бекішев
Қайыржан Бекішұлы Бекішев 1943 жылдың 20 қаңтарында Нұра ауданының  Черниговка (қазіргі Көбетей) ауылында дүние есігін ашты.
1960 жылы Қарағанды  мемлекеттік  педагогикалы институтында биология мамандығы бойынша бес жыл тәлім алып, оқуын үздік  дипломмен тамамдады. Ұстаздық қызметін Семеновка ауылында биология пәнінің мұғалімі және оқу ісінің меңгерушісі болып бастайды. 1965 жылы әскер қатарына
шақырылып, әскери міндетін Кушка қаласының артиллерия бөлімінде атқарады.  Әскери қызметін аяқтап келген соң,Балықтыкөл орта мектебіне 24 жасында  директор болып тағайындалады.
1969 жылы Қарағанды мемлекеттік мұғалімдер институтының  биология  кафедрасына оқытушы болып шақыртылады.  1974 жылы Мәскеу қаласындағы Серевцев  атындағы ғылыми-зерттеу институтына аспирантураға оқуға түседі.
Осы институтта оқып жүргенде ғылыми еңбегін қорғап, биология ғылымдарының  кандидаты атанады.1978 жылы оның алғашқы еңбектері: 5 оқулық, 15 әдіскерлік  нұсқаулары жарық көрген.  Аспирантураны аяқтағаннан кейін ҚарМУ-нің  биология-химия факультетінің деканы, сонымен қатар партия ұйымының хатшысы, тәрбие  ісі  жөніндегі проректоры қызметтерінде өзіне қойылған талапты абыройлы атқарады.  1996 жылы Алматы қаласындағы Экология Академиясының академигі болып  сайланып, 2002 жылы биология ғылымына енгізген жаңалықтары үшін профессор  атағын алады. Қазіргі таңда ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР  жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Ы. Алтынсарин  төсбелгісінің иегері.
Ғалым бірнеше оқу құралдары мен оқулықтардың, елуден артық ғылыми  еңбектердің авторы.   Ғылыми зерттеулерінің бағыты: ҚР көкейтесті экологиялық  мәселелері.
2013 жылы Нұра ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.