2014 жыл

Мейірхан Айтжанұлы

Мейірхан Айтжанұлы – 1934 жылы қара Нұраның бойында Киевка кентінде дүниеге келген.
Мейірхан Айтжанұлы өзінің еңбек жолын Қарағанды мемлекеттік институтынан жаратылыстану, химия пәндерінің мұғалімі мамандығын алып келгеннен бастап Киевка орта мектебінде 40 жылдан астам ұстаздық қызмет атқарып, осы мектептен зейнеткерлікке шықты. Сол студенттік жылдары өмірлік жары Мәрия Баязитқызымен тіл табысып, 1956 жылдың жазғытұрым кезінде шаңырақ көтерген. Жарымен бір шаңырақ астында 53 жыл отасып, бес бала тәрбиелеп, отбасы мен өзі жан дүниесімен қалаған медбике мамандығын қатар алып жүреді. Аудан орталығындағы ауруханада табан аудармастан қырық жыл еңбек етіп, зейнеткерлікке шығады.
Қазір ақсақал Нұра ауданының ардагерлер кеңесінің белсенді мүшесі, Жастар жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, Кеңестік президиум, ақсақалдар кеңесі, қоғамдық кеңес, Қазақ тілі қоғамының мүшесі. Сонымен қатар ерен еңбегң үшін Қазақстан Республикасының оқу ісінің үздігі белгісімен, Жеңістің 65 жылдығы медалімен, ардагерлер кенесінің облыстық, аудандық кеңестерінде белсенділік көрсеткені үшін Құрмет грамоталары, көптеген дипломдармен марапатталған. Сонымен қатар 75 жылдық мерейтойы қарсаңында балалары Көңіл толқыны атауымен өзінің жеке шығармаларынан құралған өлеңдер топтамасын жарыққа шығарған.


Қаржасов Базарбай Қорабайұлы

Қаржасов Базарбай Қорабайұлы (1952ж.т),заңгер-экономист. Ынтымақ ауылының тумасы. ҚарПи, ҚЭУ (1974,2000) бітірген. Нұра ауданы тұтынушылар одағында бухгалтер, бас бухгалтердің орынбасары, жұмысшылар кооперативі бас кеңсесінің аға бухгалтері, төрағасы, аудан тұтынушылар одағының төрағасы (1974-1993), 1993 жылдан Қарағанды облысы тұтынушылар одағы басқармасының төрағасы. ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл медалімен марапатталған.