2015 жыл

Сейілхан Оспанұлы Қоңырбаев 1948 жылы Нұра ауданы Жараспай ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын агроном мамандығы бойынша тамамдады. Еңбек жолын 1967 жылы , Октябрьдың 17 жылдығы кеңшарында механизатор, 1978-1988 жылдары агроном, бөлім басқарушысы, бас агроном болып жұмыс істеді. 1988 жылдың қазан айында , Октябрьдың 17 жылдығы кеңшар партия ұйымының бірінші хатшысы болды. 1989 жылдан 1999 жылға дейін 17 лет Окябрь совхозының директоры, Жараспай акционерлік қоғамының президенті, 1999 жылдан бастап Сейілхан Оспанұлы Қоңырбаев Жараспай ауылшаруашылық бірлестігінің директоры.
Қоңырбаев С.О. 2001 жылы Қазақстан Республикасының Тəуелсіздiгiне 10 жыл, 2005 жылы Қазақстан Конституциясына 10 жыл, 2006 жылы Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл медалдарымен, 2011 жылы Құрмет орденімен, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен марапатталған.
2015 жылы Сейілхан Оспанұлы Қоңырбаевқа Нұра ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.

Романенко Анатолий Павлович 1939 жылдың 15 тамызында Нұра ауданының Жараспай ауылында дүниеге келген. Орта мектепті 1958 жылы аяқтап, Октябрьдың 17 жылдығы кеңшарында механизатор болып жұмыс істейді. 1958 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылады. 1961-1970 жылдары , Октябрьдың 17 жылдығы кеңшарыңда шофер, ұста, механикалық-жөндеу шеберханасының механигі міндеттерін атқарады. 1972 жылы Мичурин совхозындағы ауылшаруашылық өндірісін механикаландыру мамандығы бойынша кәсіби техникумын тамамдады. 1972 жылдан 1982 жылға дейін жөңдеу шеберханасының меңгерушісі, одан кейін Октябрьдың 17 жылдығы совхозының бас инженері болып тағайындалады. 1982 жылы Целининград ауылшаруашылық институтының аграном мамандығын аяқтады. 1982 жылдың наурыз айы 1996 жылдың сәуір айы аралығында Пржевал совхозының директоры, Алтын Дән жеке меншік өндірістік ұжымының басқарма төрағасы. Анатолий Павловичтың жетекшілігімен шаруашылық аудан мен облыста өсімдік шаруашылылығы бойынша алдыңғы қатарда болды. 1996 жылдың наурыз айында Нұра ауданының ауылшаруашылық басқармасының бастығы, осы жылдың шілде айында аудан әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2002 жылдың 1 ақпанынан ауылшаруашылық департаментінің басшысы. Анатолий Павлович ауданның өсімдік шаруашылық саласының дамуына маңызды үлесін қосты. 2003-2008 жылдары КазАгроКонсалтингаудандық бөлімінің басшысы (менеджер) қызметін атқарды. Романенко А. П. көпжылдық еңбегі үшін көптеген марапаттаулар берілді: Ерен еңбегі үшін , Тың және тыңайған жерлерді игеру , Көп жылдық адал еңбегі үшін, Тыңға 50 жыл, ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл медалдарымен, сондай-ақ Құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен марапатталған.
2015 жылы Нұра ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.