
Төлеуов Қалмағанбет – Қарой ауылының тумасы. Еңбек жолын Путь Ленина ауылында учаскелік агроном болып бастап, 1969 – 1971 жылдары Кеңес әскері қатарында міндетін атқарған соң, Целиноград қалалық ішкі істкр бөлімінің СМҰҚБ – де иниспекторлық қызыметтен бастап, осы салада атқарған абройлы еңбегі нәтижесінде 1988 – 1998 жылдары Ақмола облысының ІІБ басшысы қызметін атқарған. Бүгінгі күні Халықаралық полицейлік ассоциация мүшесі. Қызметке деген адалдығы мен зор жауапкершілігі үшін алғыс хаттар мен мерейтойлық медальдармен марапатталған. Бүгінде ІІМ – нің құрметті ардагері мен Ардагер – Ветеран төсбелгілерінің иегері Тулеуов Қалмағанбет – ауданының қоғамдық өміріне белсенді қатысып, кіші Отаны Қарой ауылының гүлденуіне үлес қосып келе жатқан азамат екенін жиын барысында жерлестері Зарлық Мақсұтов пен Виктор Приб атап өтті.
Нұра аудандық мәслихатының шешімімен Нұра ауданының Құрметті азаматы атағын Қарой ауылының тумасы, Қазақстанның ішкі істер министірлігінің құрметті ардагері Тулеуов Қалмағанбетке аудан әкімі табыстады.
Киркэ Штефан Тимофеевич
Комсомолдық жолдамамен Нұра ауданына 1961 жылы келген. Осы өлкеде ауыл шаруашылығы саласында еңбек жолын механизатор болып бастаған. 1989 жылы №2 бригаданың бригадирі болып тағайындалып, 2010 жылға дейін абыроймен атқарған. Осы жылдар аралығында бірнеше мәрте ауылдық, аудандық, халық депутаттары Кеңестерінің депутаты болып сайланған. Еңбек жолында Еңбек Қызыл Ту орденімен, Ленин орденімен, Октябрь революциясы орденімен марапатталған.