2023 жыл

Мұханалиев Боранбай Қасымбекұлы – 1960 жылдың 29 қаңтарында бұрынғы Қорғалжын ауданы қазіргі Теңіз ауданына қарасты Құланөтпес ауылынды дүниеге келді. Одан соң әкесінің қызмет бабымен жаңадан ашылған Теңіз ауданына қоныс аударды. Онжылдықты Баршында бітірген Боранбай ауылдан ұзай қоймады. Орта мектепті бітіріп еңбекке араласты. Жүргізушілер курсын бітірген соң әскерге аттанды.Әскери борышын оқ карша бораған Ауғанстан жерінде абыроймен атқарып, аман-есен елге оралды.Өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен, ауған соғысының ардагері.Аудандық мәслихат депутаты қызметін абыроймен атқарған,Боранбай Қасымбекұлы бүгінгі күні Баршын ауылының Мұқаналиев шаруа қожалығының басшысы.Бүкіл саналы ғұмырын туған елі мен жеріне арнаған апталы азамат Боранбай Қасымбекұлы жауынгерлік медальдарымен қоса аудан, облыс әкімдерінің Құрмет грамоталарымен,ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Президенттің Құрмет грамотасымен марапатталды.2023 жылы Нұра ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.