Николай Плешаков

Николай Плешаков 1967 жылы Киевка кентінде туған. Мектептен кейін 105 – ші ауылдық кәсіптік техникалық училищесін бітірген. Ауған елі үшін өмірін бермек бұрын ол, Омбы теңіз училищесін бітіріп, кеме жүргізуші дипломымен Ленанефть – 2052 танкерінде тәжірибесін өткізген.
1986 жылы әскер қатарына шақырылып, қызыметінің бірінші күндерін Фергана қаласында әуе – десанттық оқу бөлімінде болып, артынша Ауғанстанға пулемет взводына жіберілді. Бірінші жарақатын батальон дәрігерінің өмірін сақтаймын деп жүріп алады. Жасырынған тасадан шығып жауды пулеметтің оғымен бұқтырады. Көзіне жарылған санрядтың жарықшағы тиеді. Екінші жарақатын Даман уезінің Кандагарға жақын жерде, барлау тобын басқарып келе жатып алады. Оқ оң құлағынан кіріп желкесінен шығады. Қасындағы жауынгерлер жан-жағынан сүйемелдеп көтеріп бөлімшеге жеткізеді. Ол әуелі көрмей қалады. 1987 жылдың 29 желтоқсанында операция үстелінде жатып қайтыс болады. Киевканың бір көшесі оның атымен аталады.