Петр Резник (1964-1984) 1983 жылы әскер қатарына шақырылды. 1983 жылдан Ауғанстан да БМД – ді жүргізушісі, көздеуші – оператор. Душмандарға қарсы оқ атуға мәжбүр болды. Майдандас достарының қазасын қөрді. Сұм ажалдың оған да ауыз салатынын ол, сол кезде білмеді.
1984 жылдың қыркүйегінде Вахши қыстағы аймағында, тік жарлар мен терең сайлар арасында машинаны тауға көтеру керек болды. Жолдастарының жасаған әрекеттері іске аспады. Петр өз БМД – сін өзі жоғарыға шығарып, өзінен кейінгілерге көмектесті. Бесінші машинаны жоғары шығарар кезде, кенеттен кері сырғанай жөнелді, төменде адамдар мен техникалар. Не істеу керек? Сол қалпында қалдырса адамдар, басқа жаққа бұрса, өзі мерт болады. Петрдың ойлануға мұршасы болған жоқ. Ол тұтқаны бұрып жіберді. Әріптестерін құтқарып өзі қаза болды. Жерлесіміздің бұл батыл қимылы оны – өмірден, ал анасын – баласынан айырды.
Киевка кентіндегі бір көше оның есімімен аталады.