Қадырбай Серікбайұлы Сембаев 89933 д.п. ә/б жауынгері, көздеуші, Нұра ауданының Теңіз өңіріндегі Соналы ауылында 1962 жылдың 4 ақпанында туған. Әскерге шақырылғанға дейін Целиноград зооветтехникумында оқыды.
Совет Армиясына Целиноград қаласындағы Целиноград аудандық әскери комиссариатынан 12.05.1981 жылы шақырылған. Механик – жүргізуші мамандығы бойынша 1981 жылғы мамырдан қарашаға дейін әскери дайындықтан өтті. 1981 жылғы қарашадан 1982 жылғы 2- ші маусымға дейін көздеуші – оператор болып Ауғанстан Демократиялық Республикасында жауынгерлік борышын өтеді. Бүлікші қарақшыларды жою жөніндегі әскери операциаларға бірнеше рет қатысып, батылдық пен белсенділік танытты.
1982 жылғы 2- ші маусымда взводтың алдына Куран-О-Мунджан ауданындағы жаудың аэродромына алғашқы болып түсіп, негізгі десантшылардың жетуін қамтамассыз ету жүктелді. Жергілікті жердің ерекшелігін ақылмен пайдалана біліп, ұрыс барысында жаудың үш оқ ату нүктесін жойды, десантшылардың ойдағыдай түсуіне мүмкіндік жасады. Аэродром ауданындағы негізгі төбені жаудан тазарту барысында бүлікшілер қолынан қаза болды.
КСРО Жоғарғы Советі Президиумының 22.09.1982 жылғы Жарлығымен қаза болған соң Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.