Әйгілі мемлекет қайраткері, қазақтын шыққан тұңғыш биология ғылымының докторы Кәрім Мыңбаев 1906 жылы тамыздың 15-де Нұра ауданының Қызыл Дихан (қазіргі К. Мыңбаев атындағы ауылдан 2 шақырым жерде). Ақмоладағы орыс-қырғыз приход мектебінде ең үздік оқитын оқушы болды.
1932 жылы Ташкенттегі Ортаазиялық мақта-ирригация институтын бітіріп шығады. Жұмысты Грузиядағы Кавказ тәжірибе станцисының доценті, Қазақ ауыл шаруашылық институтында дарвинизм кафедрсының мегерушісі болады. 1934-36 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық институтында және Алматы селекция станциясында ғылыми-педагогикалық жұмыстарда болады. 1936 жылы Кәрімнің ерекше талантын, алғарлығын байқап қалған академик Н. Вавилов оны Ленинградтағы Бүкілодақтық өсімдік зерттеу инситутының аспирантурасына шақырады. Аспиранурада оқып жүрген кезінде: Көксағызды дұрыстап өсірудің негізгі жолдары деген тақырып бойынша зерттеген ғылыми еңбектерін аяқтайды. Каучукты өсімдіктердің ішінде ең тиімдісі көксағыз екенін дәлелдеп шығады.
Кәрім өзінің қабілеттілігі арқасында кейде екі-үш жұмысты да қоса атқара берген. 1942-44 жылдары ҚазССР жоспарлау төрағасының орынбасары болып қызмет атқарады. 1944 жылы өзінің ғылыми диссертациясын өте сәтті қорғап шығып, ұлты қазақ биология ғылымдарының тұңғыш докторы болды. 1944 жылдан бастап ВАСХИЛ-дің Қазақ филиалы президиумының төрағасы болады. Осы қызметпен қоса Қазақ ауыл шаруашылық институтында селекция және генетика кафедрасы мен Қазақ мемлекеттік университетінде дарвинизм кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарады.
1946 жылы Қазақ Ғылым академиясы құрылды, Кәрім оның құрамына мүше болып кіреді. 1947 жылы республика Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Бетпақдала экспедицисынан кейін ол шөлді жаннатдалаға айналдыруды армандайды. Мұнда асыл тұқымды мал өсіруге болады дейді. Ол үшін даланы суға қандыру керек. Ғалым Бетпақты суландыратын судың негізгі көздері деп Ертіс, Іле, Шу, Талас, Сарысу, Сырдария өзендерін, Балқаш көлін есептеген. Бұлардан басқа Бетпақтың астында судың мол қоры бар екенін білген, оны құдықтар қазу арқылы шығаруды аңсаған.
Кәрімнің ғылыми ашқан жаңалықтары бүкіл Одаққа танылып, тіпті шетелдерге белгілі бола бастаған кезде өкінішті қазаға ұшырайды. 1948 жылы Мәскеуге бағыт алған ұшақ апатқа ұшырап, ішіндегі адамдар тегіс қаза табады. Ол 35 ғылыми еңбектің, 3 монографияның авторы. Ғылыми еңбектерінде көк сағызды өсіру мен астық дақылдарын селекциялауға көп көңіл аударған.
Қазір бұрынғы Ивановкаға Кәрім Мыңбаев есімі берілді. Осы ауылдың мектебі де ғалым атымен аталған. Ағадыр станциясындағы бір мектеп те ғалым есімімен аталады. Киевка кентінде бір көшеге К. Мыңбаев есімі берілген, ауыл шаруашылығы бөлімінің алдында қола бюст орнатылған.
1.Сейдалиев, Б.
Бетпақдаланың бағын ашқан : тағзым//Егемен Қазақстан. – 2006.- 21 шілде. – Б. 4
2.Ысқақов, З.
Кәрім аға//Орталық Қазақстан. -2006. – 10 маусым. -.Б.6
3.Калиев, Г.А.
Карим Мынбаев – ученый, патриот : (к 100-летию со дня рождения)/ Нұра.-2006.- 9 сент. – С.1