Нұралық саяси қуғын-сүргін құрбандары
Асылбеков Абдолла Әбдірахманұлы
(1896-1938 ж.ж)
Мемлекет және қоғам қайраткері. Ақмола уезінің Нұра болысында, Құндызды өзенінің бойындағы Кеңқияқ алқабында, Қарасуда дүниеге келген. А. Асылбеков ауылда ашылған бірінші басқыш татар медресіне оқуға түсіп, оны 1913 жылы бітіріп шығады. Оқуын әрі қарай жалғастыру үшін он жеті жастағы Абдолла бір саудагерге жалданып, жылқысын айдасып, Орынборға барады. Онда Хұсайын атына ашылған медресеге түседі. Алайда мұнда небәрі төрт-бес ай ғана оқыған Абдолла қазақ татар жастарын дінге, патша үкіметіне қарсы үгіттеп ұйымдастырғаны үшін медреседен қуылады. Содан 1914 жылы Қызылжарға келген Абдолла осындағы мұғалімдер даярлайтын қазақ мектебіне түсіп оқиды. Алайда, саяси сенімділігі жайлы шартты үш ай мерзім ішінде кепілдік тапсыра алмағандықтан бұл мектептен де шығарылады. Ақыры соңында ол өз еліне келіп, Нұра болысындағы ауыл мектебіне мұғалім болып орнласады. 1917 жылдың мамыр айында жиырмадан енді ғана асқан жас жігіт большевиктар қатарына еніп, өзінің бұдан кейінгі тағдырын елімен берік байланыстырады.Ақпан революциясынан кейін А. Асылбеков С. Сейфуллинмен бірге Ақмолада Кеңес үкіметін орнатып, Тіршілік газетін шығаруды ұйымдастырады.
А. Асылбеков алғашқы қазақ совет публицистерінің бірі. Оның мақалалары мен очерктері Тіршілік, Еңбекші қазақ, Советская степь газеттері мен Қызыл Қазақстан журналдарында жарияланып тұрды.
1937-1938 жж. Сталиннің қуғын-сүргін қудалауына ұшырап, халық жауы атанды.
https://ru.openlist.wiki/Асылбеков_Абдулла_Асылбекович_(1896)
Әтібеков Өксікбай
1897ж. т., Нұра ауданының тумасы. Білімі бастауыш,
Нұра ауданы Ынтымақ БЖӨС (Бірігіп жер өңдеу
серіктестігі)
ТОЗ-дың мүшесі. 11.08.37 ж. IIXKБ
үштігінің шешімімен айыпталған.
Биржанов Кусаин
Биржанов Кусаин 1900 года рождения казах. Место рождения Карагандинская область, Нуринский район, аул N7. Образование: начальное. До ареста проживал: Карагандинская обл. колхоз имени Куйбышева. Работал бригадир в колхоз имени Куйбышева Нуринского района. Осужден: УНКВД по Карагандинской обл., 08.12.1937 года. Осужден к лишению свободы в концлагере на 10 лет. Дата и орган реабилитации: 09.01.1958 года.
https://ru.openlist.wiki/Биржанов_Кусаин_(1900)
Горшинина (Шнайдер) Елена Александровна
Родилась 13 августа 1934 года. Краснодарский край, городе Армавир.По национальности она немка. Она вместе с родителями и братьями и сестрами была депортирована в Казахстан 1942 году в город Костанай. Оттуда их отправили в Карагандинскую область. Нуринский район, с.Энтузиаст, ныне Ахмет 1949 году. В 1954 году вышла замуж. Всю жизнь проработала в совхозе. Родила 6 детей. Сейчас на заслуженном отдыхе. Награждена медалями:
Медаль Материнства II-степени 1975 году.
Медалью Ветеран труда 1985 году.
Медаль 60-лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг. в 2004 году.
Жансеитов Түсүпбек
1907 жылы Қарағанды облысы, Нұра ауданы, №7 ауылда дүниеге келген. Ұлты: қазақ. Білімі: бастауыш. Тұтқындалғанға дейін Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Куйбышев атындағы ұжымшарда тұрған. Нұра ауданы Куйбышев атындағы ұжымшардың меңгерушісі болып жұмыс істеді. Сотталған: Қарағанды облысы бойынша УНКВД, 31.12.1937 жыл. Қылмыстық бап: РСФСР ҚК 58-10, 58-11. Істің тоқтатылу себебі: қылмыс құрамының болмауына байланысты.
https://ru.openlist.wiki/Жансеитов_Тусунбек_(1907)
Козлова Прасковья Владимировна
Родилась17 ноября 1926 года. В Оренбургской области, село Ново-Орск. Образование 7 классов. Пошла работать с 1941 года. Работала на шахте им.Калинина. Работала разнорабочей. Вышла замуж 1947 году. Родила 6 детей. В 1963 году из г.Караганды перееехала в с.Энтузиаст, ныне Ахмет Нуринского района.
Работала в рабКООП-е продавцом. В 1978 году ушла на пенсию.
Награждена медалью 70-лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.
Күлманов Әмірбек
(1904-1982ж.ж)
Руы – Жұртшы. Арабша оқып, хат таныған, сауатты болған. Жұмысты ұйымдастыру қабілетінің арқасында 1934 жылы Горное, Семеновка колхоздарында басқарма болып қызмет атқарған. 1935 жылы Қарағанды облыстық партия комитетіне шақырып алып, ЦК-ның хатшысы В.В. Куйбышевтың қайтыс болуына байланысты, Нұра ауданына қарасты Ақмешіт ауылына В.В. Кубышев атын беру үшін, жиналыс ашып, партияның саясатын түсіндіріп, колхозға В.В. Куйбышевтың атын беру туралы партия нұсқауын орындап келуіңіз керек деп тапсырыс беріпті. Күлманов Әмірбек бұл жарлықты өз мәнінде орындапты.
Күлманов Әмірбек Москва қаласында өткен Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері (ВДНХ) көрмесінің II cъезіне қатысқан.
1937 жылы жапон тыңшысы деп нақақ жалалы болып, түрмеге жабылады. Сібірге Колымаға он жылға соттап жіберді. Он жылдың алты жылын өтегеннен кейін, еркін қоныстануға жер аударады.
https://ru.openlist.wiki/Кульманов_Амирбек_(1904)
Талжанов Сәйділ Омарұлы
(1906-1972 ж.ж)
Жазушы, аудармашы, ғалым 1906 жылы 6 қыркүйекте Қарағанды облысы Нұра бойындағы Қаракемер деген жердегі (қазіргі Ақмешіт шаруашылық қожалығы) Тоқтамыс аралында дүниеге келген.
Сәйділ Талжанов 1934 жылы Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтын бітіреді. Ташкенттегі Орта Азия университетін, Алматыдағы Қазақ педагогика институтын бітіріп,
Қазақ КСР Ғылым академиясында қызмет істеді. 1937 жылы ауыл шаруашылық институтында тіл кафедрасында доцент болып, жұмыс істеп жүргенде 3 желтоқсан күні С. Талжановты қазақ жазушылары Б. Майлин және С. Сейфулинмен қарым – қатынаста болғаны үшін IIXК қызметкерлері халық жауы ретінде тұтқындап, 10 жылға соттады. Сібірге каторгаға айдалады. Жаза мерзімін өтеп келгеннен кейін нәтижелі еңбек етіп, шығармашылық жұмыспен айналысты. 1972 жылы өмірден озды.
https://ru.openlist.wiki/Талжанов_Сайдиль_Омарович_(1906)
Теміров Махмет
(1923-2014 ж.ж)
1923 жылы Амантауда дүниеге келген. 5 жасында байларды тәлкілей бастаған кезде әкесі көшіп Ұлыкөл, Қарағандыны бетке алып, осы балықшы өңіріне келіпті.
Азапты күндерді бірге кешкен Бүркіт Ысқақов екеуінің жұбы жазылмай, бірге өсіп,өмірдің ащысы мен тәттісін бірге бөліскені аян. Екеуі Қарағанды мұғалімдер институтына бірге түседі. 1946 жылы университеттің 3 курсына алады. Қырқыншы жылдардың орта шеңінде бір топ жастар ЕСЕП – елін сүйген ерлер партиясын ұйымдастырған. Соның ішінде кейін белгілі ақын, ғалым болған Бүркіт Ысқақовпен бірге жас өрім Махмет те болды.
1950 жылдың желтоқсанында Правда газетінде Шойынбаев, Айдарова және Якуниндердің Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік–лениндік тұрғыдан баяндайық деген мақаласы жарияланды. Мақалада Ермұқан Бекмахановтың XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан деген кітабы қатты сыналған. Бұл мақаланы оқыған Махмет: Қазақстанның келешегі зор жас ғалымдарының бірі Е.Бекмахановқа күйе жағу не деген сұмдық, өскенін өшіргісі келіп тұратын күншілдікті бұл қазақ қашан қояды?…- деп ызаға булығып,ашына айыптаған болатын. Міне, осындай үгіті мен өткір пікірі үшін ақын жерлесімізді 1951 жылдың 18 қаңтарында оған халық жауы деген айып тағылып, қамауға алынған.
1951 жылдың 14-15 маусымында ЕСЕП тобын Бүркіт Ысқақов, Рамазан, Айтбай Нарешевтермен бірге Қазақ КСР Жоғарғы соты РСФСР қылмысты істер кодексінің 11 тармағымен 25 жылға сотталып, қосымша 5 жылға азаматтық құқығынан айрылды.
Ысқақов Бүркіт Ибрагимұлы
(1924-1991 ж.ж)
Нұра ауданы Көкмөлдір ауылында дүниеге келген. Білімге деген құштарлығы арқасында Бүркіт Ысқақов 1940 жылы Қарағандының екі жылдық мұғалімдер институтына келіп оқуға түседі. Ол 1942 жылы институтты бітіргеннен кейін әскер қатарына алынып, Ұлы Отан соғысына қатысады. Одан аман–есен оралғаннан кейін Бүркіт Ысқақов Қазақ университетінің тарих–филология факультетіне оқуға түсіп, оны кейіннен белгілі болған жазушылар Ә.Нұршайықов, М.Дүйсенов, А.Байтұрсыновтармен бірге ойдағыдай бітіріп шығады.
Бүркіт Ысқақов Қарағанды облыстық газетіне әдеби қызметкер республикалық Пионер, Білім және еңбек журналдарында бөлім меңгерушісі. Лениншіл жас газетінің жауапты хатшысы болып журналистік қызмет атқарды.
1951 жылы жаппай қудалау мен қуғын тұсында Үкіметке қарсы үгіт таратып жүр деген жаламен Бүркіт Ысқақов жазықсыз тұтқынға алынып, жиырма бес жылға бас бостандығынан айырылады.
Бугайчук Варвара Александровна
(1922-2000 гг.)
Бугайчук Варвара Александровна родилась в 1922 году на Украине, в Полийском районе Киевской области. В семье было 5 детей. Окончила 3 класса. Работала на огороде. Была в оккупации с 1942 г. по 1945 г.
В 1942 году, когда Варваре было 22 года, фашисты угнали украинских девушек в Германию. Так как село, где жила Варвара, находилось в 100 км. от железной дороги, то колонной пешком шли до города Киева. Там загнали в товарные вагоны и отправили в Германию. В Германии работали у хозяина – пилили лес. Жили в лагере. Затем 3 года – в концлагере (г.Мюнхаузен). После освобождения уехала на Украину. С Ольгой Шербак были близкими подругами, обе из одного села с одинаковыми судьбами. Потом вместе оказались на целине в одном совхозе Киевский. Варвара Александровна вышла замуж за ветерана ВОВ Бугайчука Александра Семёновича.
В 1954 г. приехала с семьей в Казахстан на освоение целинных земель. Варваре тогда было 32 года. Работала в пекарне. Её хлеб был самый вкусный по району. Она работала с большой энергией, умением и сноровкой. Александр Семенович работал шофером. Бугайчук Варвара Александровна с мужем воспитали 3 детей. В 1977 году вышла на заслуженный отдых. Бугайчук Варвара Александровна имела статус репрессированная. Умерла в 2000 году в возрасте 78 лет.
Хамзе Жүсіпбеков
(1900–1938 жж.)
Хамзе Жүсіпбеков 1900 Қарағанды облысының Нұра ауылында туған. Октябрь революциясының бірінші күндерінен қозғалысқа қатысып, Жастардың демократиялық одағының, Жас қазақ жастар Одағының қызметіне белсене араласқан.
1920 жылдан бастап Көкшетаудағы БК(б)П губерниялық бюросының және губерниялық комитетінің нұсқаушысы, одан кейін осы БК(б)П губерниялық комитетінің хатшысы, Ақмолалық губерниялық комитеттерінің бөлім меңгерушісі, Бөкеев губерниялық комитетінің жауапты хатшысы, ағарту ісінің қызметкерлері Одағының ОК төрағасы, БК(б)П өлкелік партколлегия комитетінің жауапты хатшысы, өлкелік комитеттің хатшысы, өлкелік кәсіподақ кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарады.
Қазақ АКСР әділет халық комиссары, коммуналдық шаруашылық халық комиссарының орынбасары, 1936 – 37 жылдары Марксизм-ленинизм ғылыми-зерттеу институтының қазақ бөлімшесінде аудармашы, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының директоры қызметтерін атқарған. 1935 – 36 жылдары Қазақ АКСР ОАК-нің мүшесі болды. 1925 – 37 жылдары мерзімдік баспасөзде әдеби сын мақалалары, әңгімелері, очерктері жарияланған. “Қарсақбай” атты кітабы жарық көрді (1928), Н.Островскийдің “Құрыш қалай шынықты” романың қазақ тіліне аударған (1935). Жүсіпбеков. 1935 жылдың қаңтар айынан әділет комиссары болып қызмет атқарады. Х. Жүсіпбеков басқарғанда Алматы кеңестік құрылыс институты заң институты болып қайта құрылды.
Х.Жүсіпбеков БК(б)П XVII съезінің, кәсіподақ съезінің, IV, V, VI өлкелік партиялық конференциясының делегаты, 1927, 1932, 1936 жж. БК(б)П өлкелік комитеттің бюросының мүшесі, 1935-1936жж. Қазақстан атқару комитетінің Президиум мүшесі.
1937 жылы күзде “халық жауы” деген жалған айыппен тұтқындалып, ату жазасына кесілді. 1938 жылы 26 ақпанда Хамзе Жүсіпбеков атылды. Алматы қаласы маңындағы “Жаңалық” ауылындағы қорымға жерленген.
Хамза Жүсіпбеков осындай үлкен əлеуметтік қызмет атқарып жүрген уақытта өзінің публицистік, сыншылық қаламын құрғатпай жазып отырғанын айрықша атауымыз керек. Хамза Жүсіпбековтің Əйелдер еңбегі жайынан (1926) жəне Шағым бюросы туралы не білу керек (1927) деген кітапшаларында күнделікті тұрмысқа қажетті ақыл-нұсқау айтылса, БКП(б) Өлкелік комитетінің ІІ пленумының қорытындысы деген кітапшасында партияның жүргізіп отырған саясаты, оны жүзеге асырудың жөн-жобасы баяндалды.
Мәжен мен Торғай Сүлейменовтер
Ату жазасына кесілгенде, қос боздақтың бірі 42-ге келген жас жігіт, екіншісі 33-ке жаңа ғана келген жас келіншек еді.
Мәжен Сүлейменов 1894 жылы Қарағанды облысы, Нұра ауданындағы Амантау деген жерде дүниеге келген. Бала кезінен өмірдің ащысы мен тұщысын көрген сауатты, еңбекқор адам болған. Сауатты азамат жаңа заман лебін жақсы түсініп, азаттықты аңсаған елінің ертеңі үшін жас Кеңес өкіметін барынша жақтап бақты. Ағайын-жұртына қадірлі азаматты үкімет те жатсынбай, ел басқару ісіне тартты.
Жаңа өмір жолындағы күресте шыңдалған Мәжен сол тұста ел ішіндегі саусақпен санарлықтай жаңаша сауатты қазақ қыздарының бірі, жергілікті үкімет құрамында жауапты қызмет атқаратын Торғай Қиқымқызына үйленіп, шаңырақ көтереді.
Торғай Сүлейменова 1904 жылы Нұра ауданының Көкмөлдір деген жерінде дүниеге келген.Торғай әкесінің қамқорлығының арқасында мұсылманша және жаңа білім алып,өз ортасында көзі ашық, озық ойлы жастардың бірі болады.
Отыздан енді ғана асқан, жалындап тұрған жас келіншектің жұмысқа деген құлшынысын,іскерлігін байқаған байқаған үкімет басшылары сол кездегі ең артта қалған Исаев атындағы колхозды басқаруға жіберген. Партия тапсырмасымен Торғай Сүлейменова 1934 жылы Еркіншілік ауданына барып, аудандық әйелдер советін құрды. Бірер жыл сол Советті басқарды.
1932 -33 жылдардағы ақсирақ аштықтан аман қалған елдің басын біріктіріп, колхоз құруда Мәжен мен Торғай Сүлейменовтер жанқиярлық еңбек атқарды.
Екеуі де ауылдағы а л ғ а ш қ ы сауатсыздық жою мектептерінде сауаттарын ашып, алғашқы Қосшы ұйымына кіреді. Мәжен қазіргі Көбетей ауылына қарасты, сол кездегі ІІІахаман ауылында 1937 жылдың сәуір айына дейін ауылдың кеңес төрағасы, ал Торғай сол 1937 жылдың наурыз айына дейін осындағы кішкене колхоз басқармасының төрағасы болған Маңайдағы ауылдар мен ағайынтуысқандардың басын қосып, Шахаман атты колхоздың ірге тасын көтерген.
Торғай Сүлейменова 1937 жылдың наурыз айында, Мәжен Сүлейменов 1937 жылдың сәуір айында тұтқынға алынды. Айыптары: 1936 жылы Қарағанды өз алдына жеке облыс болып құрылғанда, облыстық атқару комитетінің төрағасы, белгілі қоғам қайраткері, әрі өзіміздің жерлесіміз Абдолла Асылбеков Сүлейменовтер отбасының үйіне келіп тоқтайды. Міне, Осы Абдолла Асылбеков халық жауы атанып қамалғанда, ауылдың кейбір жалақорлары, күңшілдері ерлі-зайыпты Сүлейменовтер халық жауының сыбайластары, соның астыртын ұйымында болған деп НКВД-ға арыз түсіреді. Ерлі-зайыптыларды бірінен соң бірін тұтқындап, Қарағандыға алып кетеді.
Торғай Сүлейменова 1937 жылдың наурыз айында, оның күйеуі Мәжен Сүлейменов 1937 жылдың сәуір айында тұтқындалған. 1937 жылдың 15 тамызында Қарағанды облыстық УНКВД үштігінің үкімімен атылған.
1993 жылы шілде айының 6 жұлдызында Киевка кенті тұрғындары жиналысының хаттамасы және халық депутаттары кент Кеңесінің Көше аттарын өзгерту туралы №32 қаулысы негіздерінде аудан әкімінің шешімімен осы кенттегі Киевская көшесі Мәжен мен Торғай Сүлейменовтер көшесі болып өзгертілді.
Седлачек (Евдокимовой) Варвара
( 1926-2020 гг.)

Седлачек (Евдокимовой) Варвара Иосифовна родилась 27 декабря 1926 года на Кавказе, в селе Анастасиевка Краснодарского края, в многодетной семье. В 1931 году, в возрасте 5 лет, попала под безжалостный пресс репрессий. Варвару Иосифовну вместе с семьёй первый раз выслали из родных мест как семью врага народа. Вместе такими же семьями, посадив их в вагон, отправили в далёкий, никому тогда неизвестный Казахстан. Приехали она на поезде в Осакаровский район, а потом уже добрались до села Черниговка (ныне Кобетей) Карагандинской области Нуринского района. Через два года семье разрешили вернуться назад, в свои родные места. Вся семья уехали обратно в Кавказ. Но вскоре началась война. В 1942 году Указом ПВС СССР от 22.06. 1941 года Седлачек Варвара как член семьи социально-опасного элемента по политическим мотивам была выслана в административном порядке в Карагандинскую область. Несмотря на молодость, Варвара Иосифовна бралась за любую работу. Работала поваром в бригаде, пахала земли на быках, доила коров.
В 1954 году Варвара Иосифовна была реабилитирована и уехала к себе на Кавказ. В 1958 году вернулась обратно. Все годы до пенсии трудилась дояркой. Умерла в 2020 году в возрасте 93-х лет.
Уласик Зинаида Николаевна
(1926-2001
Зинаида Николаевна родилась в 1926 году в Белоруссии. Закончила 3 класса польской школы. Затем работала в колхозе, занималась сельскохозяйственной работой.
В 1943 году немцы угоняли молодёжь в Германию .Тогда Зинаиде Николаевне было 17 лет.
С 1943 г. по 1945 г. она работала в Германии на фабрике в городе Ванздорф и содержалась в лагере Эйка. Советские войска освободили Германию, но Зинаида со своими земляками находились еще в лагере – в городе Отондорф до мая 1946 г.
В лагере она научилась вязать.После освобождения вернулась в Белоруссию. Работала в колхозе. Здесь Зинаида Николаевна вышла замуж.
В 1959 году с семьёй переехали в Казахстан. Сначала в Акмолинскую область, затем переехали в г. Караганду, где Зинаида работала официанткой.
В 1963 г. – переезд в отделение Плаховка Нуринского района, работала на огороде. Выращивали овощи. В 1971 году приехали в совхоз Киевский. Работала рабочей в хозяйстве. Вырастила двоих детей. В 1987 году Зинаида Николаевна вышла на заслуженный отдых.Уласик З.Н. имела статус репрессированная.
Умерла 22 октября 2001 г.
Шушпанова Татьяна Дмитриевна
(1917-2012 гг.)
Шушпанова Татьяна Дмитриевна родилась 11 января 1917 году в Курской области Волынского района. Была выселена из Тульской области в 1941 г. как член семьи немецкой национальности на основании Постановления ГОКО СССР №698 от 21 сентября 1941 г. Была подвергнута принудительному выселению из мест рождения в Казахстан и взята на учет спецпоселения. Состояла под административным надзором органов НВКД. МВД на территории Карагандинской области до 20 января 1956 г. На основании закона Республики Казахстан О реабилитации жертв массовых политических репрессий от 14.04.93 года была реабилитирована. Неграмотная, не читать, не писать не умела. Работала птичницей, рабочей водокачки. Родила и воспитала 7 детей. Прожила в Казахстане до 96 лет. Умерла 27.04.2012 г, в селе Байтуган.
Щербак Ольга Викторовна
(1923-2002 гг.)
Шербак Ольга Викторовна родилась 4 февраля 1923 года на Украине, в селе Мартиновичи Хабинского района Киевской области.
В 1942 году, когда Ольге было 17 лет, фашисты угнали её в Германию. Так как село, где жила Ольга, находилось в 100 км. от железной дороги, то колонной, колонной пешком шли до города Киева. Там загнали в товарные вагоны и отправили в Германию. В Германии работала у хозяина, пилила лес. Жили в лагере.
Был женский лагерь и мужской. Там, в концлагере, Ольга и познакомилась со своим будущим мужем Петром.
В 1945 году после освобождения вернулась на Родину.
В 1956 году, когда Ольге Викторовне было 33 года, она с мужем приехала в Казахстан покорять целину и попала в совхоз Киевский. Первое время работала на стройке. Чуть позже пошла работать поваром в детский сад.
Муж работал механизатором.Воспитали трое детей.
В 1978 году Шербак Ольга Викторовна вышла на заслуженный отдых. В 2005г. была награждена почётной грамотой акима Нуринского района. Шербак Ольга Викторовна имеет статус репрессированная.
Умерла в 2002г.
Юркова Ольга Никифоровна
(1925-2011гг.)
Юркова Ольга Никифоровна родилась в 1925 году в с.Песчаница Обрученского района Житомирской области.В семье было 5 детей. Ольга была одной из младших. Окончила 8 классов. Войну встретила в 16 лет. Помогала партизанам. В 1943 году во время облавы на молодёжь попала в плен. В товарных вагонах перевезли в Австрию, в концлагерь. Работала на путях, затем у хозяина в поле.
В апреле 1945 года в селе Мехендорф, в 24 км от Вены, была освобождена. Тогда Ольге было 20 лет. Осталась в Австрии. Ухаживала за ранеными в госпитале. Затем попала в Румынию.
В 1957 году Ольга Никифоровна с мужем Бычковым Иваном Петровичем – ветераном ВОВ – приехала в с/з Киевский поднимать целину.
Иван Петрович долгие год работал шофером, комбайнером. Ольга Никифоровна работала на огороде, затем в саду. В последующие годы работала в стройчасти кладовщиком. За добросовестный труд награждалась грамотами, благодарственными письмами, ценными подарками и денежной премией. Ольга Никифоровна с мужем Бычковым Иваном Петровичем воспитали 3 детей. На заслуженный отдых Ольга Никифоровна ушла в 1980 году. Юркова Ольга Никифоровна имела статус репрессированная. Умерла в 2011 г в возрасте 86 лет.