Тәттібаев Ықсан Балтабайұлы

Тәттібаев Ықсан Балтабайұлы 1950 жылдың ақпан айының 21 жұлдызында Қарағанды облысы Нұра ауданы Плаховка ауылында дүниеге келген. Целиноград ауыл шаруашылық институтының ауыл шаруашылығын электендіру мамандығын аяқтап шыққан. Еңбек жолын 1969 жылы Екібастұз қаласының Ертіс көмірі №1 Ертіскөмір трестінде токарь, кейін Шахтинск қаласының ГПТУ – 168 шахта электрослесарларының өндірістік оқыту шебері болып бастаған.
1976 жылдан бастап Нұра ауданының Захаровка кентінің қауіпсіздік техникасының инженері, Куйбышева кеңшарының профком төрағасы қызметін атқарған. 1985 – 1991 жылдар аралығында Ивановка ауылының Қорғанжар халық депутаттары кеңесінің атқару комитетінің төрағасы, Пржевальское ауылының партком хатшысы қызметін жемісті атқарған. 1991 – 1996 жылдар аралығында Амантауский кеңшарының директоры, 1996 жылы Пржевальское ауылының ПКтөрағасы болған. 1999 жылы барлық ауыл шаруашылықтарын мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде,ПржевальскоеЖШС-і болып өзгертіліп, оның директоры Ықсан Балтабайұлы қазіргі уақытқа дейін қызмет атқаруда.
“Пржевальское” ЖШС ауданның жетекші астық шаруашылығы болып табылады.
Дала жұмыстарын жүргізу үшін озық технологиялар қолданылды.
Ірі шаруашылық басшысы ретінде ауылды абаттандыруға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға көңіл бөледі.
2016жылы серіктестік қаражатына ескі клубтың ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, турғындардың қуанышына қарай пайдалануға берілді. 2018 жылы спорт алаңын салу үшін 38,0 млн теңге ауданның 90 жылдық мерейтойына арнап отыр.
Марапаттары: Ордені “Құрмет” – 2009 жыл,”Парасат” – 2016 жыл
Медаль: “Ерен еңбегі үшін” – 2001 жыл
Аудандық маслихатының бірнеше шақырылымдарының депутаты болып сайланған.