Туған жердің музыка мәдениетінің дамуы жан тебірентеді және қызығушылық тудырады. Жер шарында музыканы сүймейтін адам жоқ шығар: ескі және заманауи, байыпты және жеңіл, классикалық және эстрадалық. Ол бізбен бірге жыласақ жылайды, күлсек күледі, ренжісек ренжіп, қуансақ қуанады, ерлікке шақырады, жақсы көреді және жек көреді. Өнердің шінде жалғыз музыка ғана адмның көңіл-күйі мен ішкі толғанысын, мұңын жеткізе алады… Музыка адамның ең нәзік көңіл-күйін, қуаныш, қарым-қатынас сезімдерін ерекше тілмен жеткізе алады, музыка тілмен жеткізе алу мүмкін емес жағдайларды, айтылуға сөз жетпес, бірақ іште ұстау да мүмкін емес сезімдерден туған жайларды жеткізеді. Біздің нұралық ақындар, композиторлар туған жерге деген махаббатын әндерімен жеткізеді.