
1978 жылы Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Изенді ауылында дүниеге келген. Ол – әнші-сазгер әрі жоғары білімді маман. 2007 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған. Еңбек жолын 2000 жылы әскер қатарынан оралған соң Нұра аудандық мәдениет үйінде әдіскер болып бастаған, 2005 жылдан бері сол мекеменің концертмейстері ретінде қызмет атқарады.
Амангелді Шахарбаев 2001 жылы Манарбек Ержановтың 100 жылдығына арналған байқаудың дипломанты атанған. Сонымен қатар, ол Ақ – әжелер вокалдық тобы мен балалардың Ізбасар вокалдық тобының жетекшісі болып табылады.
Өзінің шығармашылық өмірінде 2006 жылы Жас Қанат байқауының Гран-При жүлдесін жеңіп алып, 2007 жылы Қайнар облыстық жастар сыйлығының лауреаты атанған. 2024 жылы Қарағанды қаласының 90-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған “Әнім сенсің – Қарағанды” әуесқой сазгерлер байқауында 3-орын және лауреат атағына ие болды. Ал 2025 жылы Қарағанды облысы әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың кәсіби мерекеге арналған салтанатты қабылдауында мәдениет пен өнер саласының үздіктерімен бірге марапатталып, Ауыл мәдениетінің үздік қызметкері номинациясы бойынша арнайы сыйлыққа ие болды.
Амангелді Шахарбаев – Нұрлы Нұра, Туған өлкем – егізім, Туған жер, Байтуған вальсі сияқты туындылардың әні мен сөзінің авторы. Сонымен қатар, 35 шығарманың әнін жазған сазгер. Оның әндерінің басым көпшілігінің сөзін Нұра өңірінің азаматы, елге еңбегі сіңген кәсіпкер Қанат Жариясұлы жазған.
Олардың ішінде Изенді вальсі, 2013 жылы Тәуелсіздікке арналып жазылған Қазақстан, алға!, Жұмабек Ташеновтың 100 жылдық мерейтойына арналған Дәуір дарбозы, Ұлы дала елі, Қазақстан барысы, Жылқышы жігіт, Қарағанды қаласының 80 жылдық мерейтойына арналған Қарағанды және Қасым Аманжолдың сөзіне жазылған Атамекен әндері ел ішінде кеңінен танылып, халықтың сүйікті әндеріне айналған. Кейін бұл әндер Изенді иірімдері деген жинақ түрінде жарық көрді.
- Ауыл мұңы — әні: А. Шахарбаев, сөзі: Қ. Отарбаев
- Дәуір дарабозы — әні: А. Шахарбаев, сөзі: Қ. Отарбаев
- Еріксіз қоштасу — сөзі мен әні: Амангелді Шахарбаев
- Жан аға — орындаушы: А. Шахарбаев
- Ізенді вальсі — әні: А. Шахарбаев, сөзі: Қ. Отарбаев
- Алға, Қазақстан! — әні: А. Шахарбаев, сөзі: Қ. Отарбаев
- Қарағанды — әні: А. Шахарбаев, сөзі: Қ. Отарбаев
- Құс жолына оралу — әні: А. Шахарбаев, сөзі: Қ. Отарбаев
- Қыз ұзату қуанышы — әні: А. Шахарбаев, сөзі: Қ. Отарбаев
- Нұрлы Нұрам — әні: А. Шахарбаев, сөзі: Қ. Отарбаев
- Туған жер — әні: А. Шахарбаев, сөзі: Қ. Отарбаев
- Туған өлкем егізім! — әні: А. Шахарбаев, сөзі: Қ. Отарбаев
- Шаңырақ шаттығы — әні: А. Шахарбаев, сөзі: Қ. Отарбаев
- Ізенді вальсі — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Алға Қазақстан! — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Арқаның арулары — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Атамекен — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Аманжолов
- Ауыл мұңы — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Ағатайым — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Баянсыз махаббат — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Бойдақ монологы — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Дәуір дарабозы — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Еліңді сүй, Елберік! — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Еріксіз қоштасу — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Жан аға — орындаушы А. Шахарбаев
- Жастар жаңғырығы — әні А. Шахарбаев, сөзі Ә. Аманжолов
- Жылқышы жігіт — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Жүрейік жүрек ауыртпай — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Жұмақтың кілті — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Кешір мені — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Көңіл толқыны — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Мейзамшуақ — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Наурыз нақыштары — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Нұрлы Нұрам — әні, сөзі А. Шахарбаев
- Туған жер — әні, сөзі А. Шахарбаев
- Туған үйдің түтіні — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Туған өлкем егізім! — әні, сөзі А. Шахарбаев
- Шаңырақ шаттығы — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Қазағыма әні — әні А. Шахарбаев, сөзі Ә. Аманжолов
- Қазақ қыздарына арнау — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Қазақстан барысы — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Қайнар вальсі — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Қайран әке-шеше — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Қара қазан — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Қарағанды — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Қыз ұзату қуанышы — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Құс жолына оралу — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Үзеңгі дос — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Ұлы дала елі — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев
- Әдепті қыз — әні А. Шахарбаев, сөзі Қ. Отарбаев