Ниетпаева Зауреш

Ниетпаева Зауреш Ермановна – 1968 жылы Қарағанды облысының Нұра ауданына қарасты Киевка кентінде дүниеге келген. Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы музыка училищесін, Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын тәмамдаған.
Музыка пәнінің ұстазы, қалалық мәдениет бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2000 жылдан бастап Шахтинск қаласының №16 орта мектебінің директоры. Балалар әндерінің авторы. Республикалық Бозторғай атты үздік қазақстандық балалар әндері конкурсының, облыстық Еркетай балалар композиторы конкурсының лауреаты. 2005 жылдан бастап Қарағанды облысы композиторларының Балауса қоғамдық бірлестігінің мүшесі.