Орақбаева Сайра – 1948 жылы Нұра ауданының Черниговка совхозында дүниеге келген. Совхоз мектебінде физика, математика, ән сабақтарынан дәріс берген. Ауылдық клубта домбыра, гитара аспаптарында ойнап үйрену үйірмелерін ашқан, Нұра ауданы ауылдарында концерттер өткізген. 1973 жылдан бастап Жаңаарқа ауданының Рассвет ауылының мектебінде ән сабағының ұстазы болып, педагогикалық училищесінде, №2 балалар музыкалық мектебінде қобыз сыныбының мұғалімі, қазақ ұлттық аспаптар оркестірінің жетекшісі жұмыстарын атқарған. 1982 жылдан бастап Кеншілер мәдениет сарайына қарасты композиторлар клубының мүшесі. 2005 жылдан бері Қарағанды облысы композиторларының Балауса қоғамдық бірлестігінің мүшесі. 50-ден аса әндердің, домбыраға және қазақ ұлттық аспаптар оркестіріне арналған пьесалардың авторы.