Сүйіндікұлы Зәрубай 1947 жылдың қараша айында Нұра топырағында туған. Қарағанды педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің түлегі. Ұзақ жылдар бойы мұғалім, мектеп директоры, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, аудандық мәдениет бөлімінің, аудандық білім бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Бүгінде өзі басқарып отырған аудандық мұражай да облыстағы алдыңғы қатарлы болып саналады.