Кеңес Одағының Батыры Лебедев Семен Андрианович – полковник, 3-Белорусс майданы 1-ші әуе армиясы, 278-истребитель дивизиясы 43-әуе истребитель полкі әуе эскадрилиясының командирі, Совет Одағының Батыры атағын 1945 жылы алған.
Семен Андрианович Лебедев 1919 жылы Нұра ауданындағы Захар ауылында дүниеге келді. Қиырдағы қазақ ауылынан шыққан бала кейінде неміс фашистеріне қарсы күресте сан мәрте ерлік көрсеткен көрнекті ұшқыш қолбасшысы дәрежесіне дейін өсті.
Алған бетінен қайтпайтын, жасынан пысық болып ержеткен жігіт 1938 жылы Качино әскери училишесін бітіріп, Қиыр Шығыста әскери ұшқыш болып қызмет етті. Ол 1943 жылдың көкек айынан бастап неміс басқыншыларына қарсы ұрыстарға тікелей қатысты. Қырымды, балтық бойын, Белоруссияны азат ету ұрыстарында жаумен шайқасты.
Соғыс аспанында Лебедев басқарған 12 самолет жауға сан мәрте қатер төндіріп, талай шығынға батырды. Батыр жерлесіміз Семен Лебедев әрбір жолы өзін нағыз ерлерше көрсетті. Соғыстағы шеберлігі және бет қайтпас ерлігі үшін майор Лебедевке Ленин, 1-Дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, үш бірдей Қызыл Ту ордендері, Александр Невский ордені, көптеген медальдар беріледі.
Ұлы Отан соғысы жылдары аспанға 200 рет көтеріліп жаумен соғысқан Семен Андрианович 34 мәрте әуе шайқасына қатысты, жаудың 22 сомолетін жер қаптырады.
Талантты ұшқыш, білгір басшы, өнегелі тәлімгер Лебедев 1945 жылғы ақпанның 23-де СССР Жоғары Советті Президиумның Указымен Кеңес Одағының Батыры атағын алады. Алтын Жұлдыздың иегері коммунист жерлесіміз кейінде Берлинді талқандауға қатысады.
Соғыстан кейін полковник Лебедев соғыс ғылымымен айналысып, Мәскеудегі Н.Е. Жуковский атыңдағы Әскери Әуе академиясында дәріс берді.1998 жылы дүниеден озды.