ТІКЕНЕКТІ – Нұра ауданындағы ауыл, Сарыөзен ауылдық округінің орталығы. Аудан орталығы Нұра (Киевка) кентінің батысынан – 316 км, Қарағанды қаласының батысынан 450 км жерде орналасқан. Іргесі 1961 жылы қаланған. Ауыл аймағында 1961 жылы Сарыөзен кеңшары құрылды. Жерінің жалпы ауданы – 457,6 мың га.