Онлайн-БКМ чегіндегі өзгерістер

Салық төлешілердің назарына! Онлайн-БКМ чегіндегі өзгерістер

Қазақстан Республикасының Кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2019 жылдың 2 сәуіріндегі № 241-VI Заңымен Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық кодексінің 166-бабына өзгерістер енгілді.
БКМ чегінде міндетті түрде көрсетілетін мәліметтің тізбесі келесі мазмұнда кеңейтілген:
7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасы;
10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы;
11) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны, олардың өлшем бірлігі;
12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасы;
13) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда – қосылған құн салығы салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі айналымдар бойынша мөлшерлеме көрсетіле отырып, қосылған құн салығының сомасы;
14) бақылау-касса машинасы пайдаланылатын жердің мекенжайы;
15) бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих код.
Жоғарда көрсетілген толықтаманы БКМ чегінде енгізу үшін, салық төлеушілерге тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы тізімін жасап, БКМ Техникалық қызмет көрсету орталықтарына жүгіну қажет.
Штрих кодтың БКМ түбіршегінде бейнеленуі автоматты түрде ФДО-нан ДТФ БКМ берлуі арқылы іске асырлады.
Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің біріңғай номенклатуралары белгіленбегін қосымша мәлімдейміз.
БКМ Мемлекеттік реестріне енгізілген БКМ барлық модельдері, чекте қосымша мәліметтерді көрсете алатындығынан, салық төлеушілерге БКМ айырбастаудың қажеттілігі жоқ.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Заңының 284 бабы 7 тармақшасына сәйкес БКМ чегінде қосымша мәліметтер бейнеленбегеніне әкімшілік жаза көрсетілмеген.