Ақпараттық технологияларды енгізу кітапхана бейнесін қатты өзгертті. Бүгінде бұл қоғамдық өмір орталығы, жеке тұлға мен оның өзгеріп отыратын қажеттілігіне бейімделеді.
Мемлекеттік басқару органдары да өз қызметтерін зор ақпарат ауқымына сүйену арқылы құрады. Мемлекеттік басқару органдарының тиімділігі – мемлекеттік қызметкердің ақпаратты қаншалықты игергендігіне тәуелді. Мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік, кәсіби және интеллектуалды қызметтеріне ақпараттық-кітапханалық қолдау көрсету мақсатында, кітапханалар билік органдарының персоналының үздікісіз кәсіби даму орталығына айналып отыр. Осыған байланысты аз оқитын немесе мүлде оқымайтын мемлекеттік қызметкерлерді белсенді оқуға тарту қажеттілігі туындайды.
Осылайша, осы санаттағы оқырмандарының ақпараттық және білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруда мемлекеттік қызметкерлердің интеллектін, өзімдік танымын арттыру және олармен мемлекеттік басқарудың оңтайлы тәжірибесін кітап оқу арқылы игеруге көмектесу Нұра кітапханалары жұмысының негізгі бағыты болып табылады.