Парасат жолы орталығы

Мінез–жанның айнасы. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады

Әбу Насыр әл-Фараби

Адалдық алаңы

5 ақпан күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі арасындағы Меморандумға сәйкес, Нұра орталық аудандық кітапханада Парасат жолы орталығы ашылды. Парасат жолы – адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған жоба.

Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне аудан мәслихатының депутаты Д.Алшынбаев, аудан мәслихатының депутаты, М.Жұмабаев атындағы мектептің директоры – К.Д.Жанқуатова, осы мектептің жаратылыстану пәнінің мұғалімі Ж.Елтай, Нұра ауданы ардагерлер кеңесінің мүшелері М.Ақыжанов, Аринов Е.П., Нұра кентінің жергілікті қауымдастық төрағасы Д.Бикенов Нұра ауданының жастар орталығынан Е.Амантай, Т.Шолтаев және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Шара барысында парасаттылық құндылықтары кеңінен насихатталып, қоғамда болып жатқан мәселелер талқыға алынды. Сонымен қатар жобаның мақсаты мен міндеті ортаға салынып, орталықтың алдағы жұмыс жоспары бекітілді.

Соңында Адалдық алаңы атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеге өзінің шығармаларымен оқырманын әділдікке, парасаттылыққа адамгершілікке, адалдыққа баулыйтын ақын-жазушылардың, көрнекті қоғам қайраткерлерінің, кітаптары қойылды.

Осындай орталықтар Нұра ауданының барлық кітапханаларында ашылуы жоспарланып отыр.