Нұра ОКЖ директоры
Кайырбекова Алмагуль Зекеновна
Қайырбекова Алмагүл Зекенқызы 1969 жылғы 23 желтоқсанда Нұра ауданының Киевка кентінде дүниеге келген. Жоғары білімді. 1994 жылы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтын, 2009 жылы Еуразия гуманитарлық институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1989 жылы Нұра ауданы Киевка кентіндегі №1 балабақшада тәрбиеші болып бастаған. 1992 жылдан бастап №1 Киевка орта мектебінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
1993 жылдың қазан айынан 2006 жылдың тамыз айына дейін Нұра ауданы әкімінің аппаратында маман, жетекші маман, бас маман қызметтерін атқарды.
2006 жылдың тамыз айынан 2016 жылдың қыркүйек айына дейін даму бағдарламаларының іске асырылуын бақылау және талдау бөлімінің бастығы, кадр мәселелері жөніндегі бас инспекторы, бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, сондай-ақ Нұра ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2016 жылдың қыркүйек айынан 2018 жылдың сәуір айына дейін Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, сондай-ақ Нұра ауданы Киевка кентіндегі №3 Киевка орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
2018 жылдың сәуір айынан 2024 жылдың ақпан айына дейін Нұра ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі қызметін атқарды.
2024 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Нұра ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры қызметін атқарып келеді.
Байланыс телефоны: 872144-52-9-86 (раб.)
Электрондық пошта: a.z.kairbekova@mail.ru
Б.Ысқақұлы ат. аудандық орталық кітапхана меңгерушісі Ажмағанбетова Гүлмира Сағитқызы
Тел. 8 (72144) 22210
Ажмағанбетова Гүлмира Сағитқызы 1970 жылы туған. 1990 жылы Қарағанды мәдени-ағарту училищесін «кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітірген. Сол жылы Орталық аудандық кітапханаға библиограф болып қабылданды.
2002 жылы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің жетекші кітапханашысы қызметін атқарды. Сол жылдың 1 тамызынан бастап жинақтау бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауыстырылып, бұл қызметте 2005 жылға дейін еңбек етті. 2005 жылы Нұра ОКЖ директорының орынбасары болып бекітілді. 2008 жылы«Болашақ» университетін «мәдениеттану» мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылдан бастап АОКмеңгерушісі болып тағайындалды. Аудандық кітапханада жұмыс істеген жылдары өзін ісіне адал, ізденімпаз және жауапты қызметкер ретінде көрсетті. Ол ғалым Қ. Мыңбаев пен С. Талжановқа арналған шағын сайттардың құрастырушысы, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған екі бөлімнен тұратын «Парыз» кітабының құрастырушыларының бірі. Өлкетану әдебиетін жақсы біледі, ауыл филиалдарына ауыл энциклопедияларын, бағдарламаларын, жобаларын жасауға көмектесті.
«Үздік ауылдық кітапханашы-2017»номинациясы бойынша облыс әкімі сыйлығының иегері. Бірнеше рет жоғары тұрған органдардың Құрмет грамоталарымен және Алғысхаттарымен марапатталған.