Аудандық балалар кітапханасы

Аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі

Калиева Айгуль Кабылдиновна

Тел.: 8 (72144) 22298

Эл.адрес: nura-62@mail.ru

Калиева Айгуль Кабылдиновна 1978 жылы 13 сәуірде Мичурин ауданы, Есенгелді ауылында дүниеге келген.

1999 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдады.

2024-2025 жж. «Ақпараттық-библиографиялық анықтамалармен қамтамасыз ету» секторының библиографы.

2025-2026 жж. Нұра аудандық балалар кітапханасының «Әдістемелік-библиографиялық қамтамасыз ету» бөлімінің басшысы.

2026 ж. бастап Нұра аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі.

 

 

Аудандық балалар кітапханасының библиографы
Кумпан Лидия Арсентьевна

Тел.: 8 (72144) 22298

Эл.адрес: nura-62@mail.ru

Кумпан Лидия Арсентьевна 1962 жылы 21 қарашада Нұра ауданының Киевка кентінде дүниеге келген.

Жоғары білімді маман. 1978–1981 жылдары Қарағанды мәдени-ағарту училищесінде «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша білім алған. 2005–2008 жылдары Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша жоғары білім алған.

Еңбек жолын 1981 жылы Киевка кентіндегі (қазіргі Нұра) Орталық аудандық кітапханада бастаған. Бүгінгі күні аудандық балалар кітапханасында қызмет етуде.

 

 

Аудандық балалар кітапханасының әдіскері

Бекбосынова Мақпал Бақытқызы

Тел.: 8 (72144) 22298

Эл.адрес: nura-62@mail.ru

Бекбосынова Мақпал Бақытқызы, 1991 жылы 23 қарашада Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы аумағында дүниеге келді.

Еңбек жолын кітапхана саласында бастады. Қазіргі уақытта «Нұра ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қарасты Аудандық балалар кітапханасында әдіскер қызметін атқарады.

 

 

 

 

Аудандық балалар кітапханасының оқу залының кітапханашысы

Тел.: 8 (72144) 22298

Эл.адрес: nura-62@mail.ru

Бем Ирина Александровна 1982 жылғы 6 маусымда Нұра ауданының Киевка кентінде дүниеге келген.

Жоғары білімді. 2009 жылы Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығын тәмамдаған. 2018 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша оқуын аяқтаған.

Еңбек жолын 2013 жылы аудандық балалар кітапханасында кітапханашы қызметінен бастап, осы мекемеде бүгінгі күнге дейін еңбек етіп келеді.

Ирина Александровна «Ғажайыптар шеберханасы» үйірмесі мен «Экологиялық ізкесуші» қызығушылық клубының жұмысын жүргізеді.

Аудандық балалар кітапханасының абонемент кітапханашысы

Тел.: 8 (72144) 22298

Эл.адрес: nura-62@mail.ru

Халиева Динара Ахановна 7 маусым 1971 жылы Жезқазған облысы Жаңа-Арқа ауданы Рассвет ауылында дүниеге келген.

2006 жылдан бастап Нұра аудандық орталықтандырылған кітапханасының «Құжаттарды жинақтау және өңдеу» бөліміне жұмысқа қабылданды. Кейін Нұра аудандық балалар кітапханасына кітапханашы болып ауыстырылды. Қазіргі таңда осы қызметте еңбек етуде. «Жас өлкетанушы» үйірмесін жүргізеді.