Сектор басшысы
Бейсенова Дильфуза Анарбайқызы
Тел: 8 (72144) 22210
Эл.пошта: dilya.1472@mail.ru
Бейсенова Дильфуза Анарбайқызы 1972 жылы дүниеге келген. 2019 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітірген.
Дильфуза Анарбаевна аудандық орталық кітапхана штатына 2013 жылы қабылданып, балалар кітапханасының оқырмандарымен әдістемелік жұмыстар жүргізді, кейін аудандық кітапхананың әдіскері болып жұмыс істеді.
2019 жылдың тамыз айынан бастап — кітапханалық процестерді автоматтандыру секторының басшысы болып жұмыс істеді.
2020 жылдың тамыз айынан бастап — «Бірыңғай қорларды ұйымдастыру және пайдалану» секторының меңгерушісі лауазымына ауыстырылды.
Марапаттары:2023 жылы аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды (өткен жылдары аудан әкімінің Алғыс хатымен және «Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің Алғыс хатымен марапатталған).
2023 жылдың қорытындысы бойынша ол басқаратын сектор «Үздік сектор» номинациясының жеңімпазы атанды.2025 жылы «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының» Құрмет грамотасымен марапатталды.
Сектор кітапханашысы
Кульмаганбетова Акбала Ысқаққызы
Тел: 8 (72144) 22210
Эл. пошта: akbala.kulmaganbetova@mail.ru
Қүлмағанбетова Ақбала Ысқаққызы 1972 жылы туған. 1989 жылы № 2 Киевка қазақ орта мектебін бітірді. 2007 жылы АОК «Бірыңғай қорларды ұйымдастыру және пайдалану» секторы кітапханашысы болып жұмысқа орналасты. 2017 жылы Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжіне түсіп, 2019 жылы «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Марапаттары: 2018 жылы Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының Құрмет грамотасымен марапатталды.2021 жылы Нұра ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Сектор кітапханашысы
Жагуфарова Сауле Сыргалиевна
Тел: 8 (72144) 22210
Эл. пошта: zagufarovasaule@gmail.com
Жағұфарова Сәуле Сырғалиқызы 1983 жылы туған. 2007 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Әдебиеттану» мамандығы бойынша бітірген. 2025 жылдың қараша айынан бастап Б. Ысқақұлы атындағы аудандық кітапхананың «Бірыңғай қорларды ұйымдастыру және пайдалану» секторының кітапханашысы болып жұмыс істейді.


