Сектор Нұра ауданының 32 кітапханасы үшін әдістемелік орталық болып табылады. Мұнда кітапхана қызметкерлері ауызша кеңестер, ауылдық кітапхананың практикалық жұмысы бойынша ұсыныстар ала алады, жұмыс жоспарын, бағдарламаны, жобаны қалай құру керектігін үйреніп, сектордың әдістемелік материалдар қорын пайдалана алады. Әдіскерлер әдістемелік көмек көрсету үшін ауылдық кітапханаларға барады.
Аудан кітапханашылары үшін семинарлар, кәсіби байқаулар, іскерлік ойындар ұйымдастырылып, өткізіледі. Тәжірибеден өту, практикумдар ұйымдастырылады, әдістемелік құралдар, жарнамалық парақшалар, БАҚ-қа ақпараттар дайындалады.
Кітапханаларды дамыту секторының басшысы
Жакупова Айгүл Сыздыққызы

Тел: 8 (72144) 22210
Эл. пошта: zakupovaa120@gmail.com
Айгүл Сыздыққызы 2005–2007 жылдары Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжін «Кітапханалық іс» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2007–2022 жылдары Шахтинск қаласындағы Бұқар жырау атындағы Орталық қалалық кітапхананың абонемент бөлімінде кітапханашы болып жұмыс істеген.
2021 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Кітапханалық іс» мамандығы бойынша бітірген.
2022 жылдан бастап Нұра кентінің аудандық кітапханасында құжаттарды жинақтау және өңдеу секторының кітапханашысы қызметін атқарған.
2025 жылдан бастап Нұра кентінің аудандық кітапханасының кітапханаларды дамыту секторының жетекшісі лауазымын атқарады.
Еңбек жолы барысында жоғары кәсіби дайындық деңгейі бар, жауапкершілігі жоғары және кітапхана қызметін жетілдіруге ұмтылатын білікті маман ретінде өзін көрсетті.
Кітапханаларды дамыту секторының әдіскерлері
Конурова Карина Аскаровна

Тел: 8 (72144) 22210
Эл. пошта: askarovna1999@internet.ru
Карина Аскаровна осы ұйымда еңбек жолын 2019 жылдың қазан айынан бастап бастаған. Жалпы еңбек өтілі 7 жылды құрайды.
2016–2026 жылдары Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінде «Кітапханалық іс» мамандығы бойынша білім алған.
Қазіргі уақытта орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің осы секторында әдіскер қызметін атқарады.
Еңбек өтілі барысында өзін мақсатқа ұмтылған, жауапты және креативті маман ретінде танытып, берілген міндеттерді сапалы орындап, кітапхана ісін дамытуға өз үлесін қосып келеді.
Нұртазина Камила Саятқызы

Тел.: 8 (72144) 22210
Эл. пошта: metodnura@mail.ru
Нұртазина Камила Саятқызы 2000 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданының Киевка кентінде дүниеге келген.
2017 жылы Нұра ауданындағы №1 жалпы білім беретін мектебін тәмамдаған. 2020 жылы Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжіне «Кітапханалық іс» мамандығы бойынша оқуға түсіп, оқу орнын сәтті аяқтаған.
2022–2023 жылдары аудандық балалар кітапханасында кітапханашы болып қызмет атқарған.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін аудандық кітапхананың кітапханаларды дамыту секторында әдіскер болып жұмыс істейді.
Еңбек жолында өзін жауапты, бастамашыл және өз ісіне ұқыпты қарайтын маман ретінде көрсетіп, кәсіби білімін жетілдіріп, кітапхана ісінің дамуына өз үлесін қосып келеді.