Білім беру бағдарламалары бойынша кітап қорын дәстүрлі оқулықтармен, ғылыми және көркем әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен және электрондық жеткізгіштердегі құжаттармен толықтыру. Оқу әдебиеттері оқырмандардың сұраныстары бойынша сатып алынады. Кітапхана қорына түсетін әдебиеттерді есепке алу жүргізіледі. Қордың инвентарлық есебін жүргізу. Баспалармен және кітап саудасы ұйымдарымен ынтымақтастық. Мерзімді басылымдарға жазылуды рәсімдеу.

1991 жылы 26 ақпанда Қарағанды облысы Нұра ауданы Киевка кентінде дүниеге келген.
1997-2006 жылдар аралығында Нұра ауданының Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде білім алды.
2006–2009 жылдары Қарағанды көпсалалы колледжінде «Құқықтану» мамандығы бойынша оқыды.
2009–2012 жылдары Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алды.
2013–2015 жылдары Алматы қаласындағы Орталық Азия университетінде «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша оқыды.
Еңбек жолын 2013 жылы Орталық аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету секторында бастады.
2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін Нұра кентінің Б. Ысқақұлы атындағы аудандық кітапханасының құжаттар қорын жасақтау және өңдеу секторының меңгерушісі болып жұмыс істейді.
Марапаттары: 2015 жылы Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының «Алғыс хатымен» марапатталды.
2018 жылы Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Құрмет грамотасын» және Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының «Алғыс хатын» алды.
2023 жылы аудан әкімінің «Алғыс хатын» алды.
2026 жылы Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының «Құрмет грамотасын» алды.

Сектор кітапханашысы
1980 жылы 05 қыркүйекте Қарағанды облысы Нұра ауданы Жараспай ауылында дүниеге келген. 1986-1997 жылдар аралығында Жараспай ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде білім алды.
2012 жылы Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжіне түсіп, 2014 жылы «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітірді.
2019 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша түсіп, 2021 жылы бітірді.
Еңбек жолын 2014 жылдан бастап Орталық аудандық кітапхананың Нұра ауданы кітапханаларының бірыңғай қорларын ұйымдастыру және пайдалану секторында бастады.
2025 жылдан қазіргі уақытқа дейін Нұра кентінің Б. Ысқақұлы атындағы аудандық кітапханасының құжаттар қорын жасақтау және өңдеу секторының кітапханашысы болып жұмыс істейді.
Марапаттары: 2023 жылы Нұра ауданы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
2025 жылы Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының «Алғыс хатымен» марапатталды.