Қызмет көрсету секторы

Абонемент – ең көп адам келетін бөлім, оның қорында әмбебап мазмұндағы 27808 дана кітап бар. Оқырмандар игілігіне барлық білім салалары бойынша кітаптар, анықтамалықтар, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі әлемдік көркем әдебиет – көне және заманауи, фантастика, детективтер, қазақ, орыс және шетел әдебиеті классиктерінің шығармалары ұсынылады.

  • көз тартарлық тақырыптық кітап көрмелері кітап серияларымен, әдебиет жаңалықтарымен, жылдың мерейгер жазушыларымен таныстырады.
  • абонементте жасөспірімдерге кітап беру кафедрасы жұмыс істейді.
  • бөлім кітапханашылары оқырмандарға қызықты кітап таңдауға, тақырып бойынша әдебиет іріктеуге, кітапты-иллюстрациялық көрмелер жанында кітаптарға шолу жасауға әрқашан көмектесуге дайын.

Оқу залы – ең көп баратын орын, оның қоры өзінің бағыты мен мазмұны бойынша әмбебап болып табылады және 5063 дана кітапты құрайды: сөздіктер, энциклопедиялар, оқу құралдары. Бұл жерде әртүрлі газет-журнал материалдарымен танысуға болады.

  • Бүгінгі таңда оқырмандар игілігіне газет пен журналдардың 47-ден астам атауы ұсынылған.
  • Оқу залында өткізілетін тақырыптық, әдеби кештерде, дөңгелек үстел басындағы кездесулерде оқырмандар Нұра ауданының ақындарымен, қызықты тұлғаларымен жүздеседі. Өз коллекцияларын барынша толық ашу мақсатында оқу залында әдебиеттерді ашық қарау шаралары, республика өміріндегі оқиғаларға жедел үн қосатын кітап көрмелері ұйымдастырылады.
  • Мұнда сіз «Алтын жас» клубының мүшесі бола аласыз. Клуб мүшелері үшін қызықты, жылы жүздесулер мен кештер өткізіліп тұрады.
  • Оқырмандарға қызмет көрсету аясын кеңейту мақсатында орталық аудандық кітапханада ақылы қызмет түрлері енгізілген.

Сектор жетекшісі

Сара Айткешқызы Мұстафина

Тел: 8(72144)22720

Эл. поштасы: saramustafina63@inbox.ru

Инстаграм: https://www.instagram.com/crb.sektorobsluzhivaniia/

Аталған ұйымдағы еңбек жолын 2007 жылдан бастады. Жалпы жұмыс өтілі – 37 жыл. Білімі жоғары.

Марапаттары: 2011 жылы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталған, 2015 жылы аудан әкімінің Алғыс хатын алған.

Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.

Оқу залының кітапханашысы

Куприянчик Светлана Сергеевна

Тел: 8 (72144) 22720

Куприянчик Светлана Сергеевна – абонемент кітапханашысы. Кітапхана саласындағы жұмыс өтілі – 13 жыл. Арнаулы орта білімі бар. 1986 жылы Қарағанды мәдени-ағарту училищесін бітірген. Еңбек жолы 1986 жылдан басталды.

Оның жауапкершілігі, жұмысқа деген ерекше қызығушылығы, ынта-жігері және соның арқасындағы тәртібі кітапханада жайлылық атмосферасы мен жылы шырайлы орта қалыптастырады, бұл әрқашан адамдарды өзіне тартады. Ол әркімді жылы жүзбен қарсы алып, әр оқырманға ерекше көңіл бөледі, кез келген оқырманның сұранысын қанағаттандырып, қызықты кітап оқуды ұсынады.