«Сәкен оқулары» аудандық байқауының ЕРЕЖЕСІ

Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Нұра ОКЖ, аудандық МҮ 2019 жылдың 15 қазанында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында және Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері – Сәкен Сейфуллин атындағы көркемсөз оқу шеберінің аудандық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты:
1) С.Сейфуллиннің шығармашылығын насихаттау;
2) Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
3) Тіл мәдениетін көтеру;
4) Талантты жастарды қолдау.

Байқау тапсырмалары:
1) Сәкен Сейфуллиннің шығармаларынан үзінді оқу;
2) Сәкен Сейфуллиннің өмірбаянына қатысты сұрақтарға жауап беру.

Байқаудың міндетті шарттары:
1) байқау мемлекеттік тілде өтеді;
2) байқауға 14-20 жас аралығындағы Нұра ауданының тұрғындары қатыса алады;
3) мәтінді оқу уақыты бес минуттан аспауы керек;
4) мәтінді жатқа оқу;
5) фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады.

Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде төмендегі талаптарды ескереді:
1) көркем мәтінді оқу шеберлігі;
2) дұрыс дыбыстауы;
3) көркем мәтінді таңдау талғамы;
4) сахналық образ.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қортындысы бойынша анықталады.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және басқа да құнды сыйлықтармен марапатталады.
Байқауға қатысу туралы өтінім 2019 жылғы 1 қазанға дейін Нұра ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне (Нұра кенті,Абай көшесі,35 үй),тел. 79026, немесе электрондық пошта: nurakultura@mail.ru, аудандық орталық кітапхана (Нұра кенті,Абай көшесі,35 үй), тел.22210, немесе элетрондық пошта: metodnura@ mail.ru. қабылданады.