Шебер қолдар үйірмесі
Үйірме ұраны: Оқы, ойлан, жаса!
Үйірменің мақсаты мен міндеттері: Оқушыларды қолөнерге баулу, өнерге деген қызығушылығын, шығармашылығын арттыру. Оқушыларды жинақтылыққа, төзімділікке, икемділікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Бақа ханшайым, Ара Майя, Түймеқыз, Ақшақар және басқа ертегілерді дауыстап оқу көлемді Ертегілер кейіпкері аппликациясын құрастыруда шығармашылық қиялдарын дамытуға себеп болды.

Астана – арман қала көрмесі алдындағы сұхбаттан басталған Менің астанам үйірме сабағы Қазақстан Республикасының астанасы туралы балалардың ақпараттарын толықтырды, патриоттық сезім тәрбиесіне көмек болды. Менің астанам ұжымдық жұмысы достық қарым-қатынас пен тілектестікті арттырды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні әңгімесі Отанымыздың өткені және бүгінімен таныстырды. Қиялдарын дамыта отырып, клуб мүшелері мемлекеттің болашағы туралы сұхбаттастыі. Аталмыш тақырыпқа топтасып қабырға газеті дайындалды.
Шығармашылық қабілетті, қиялды, төзімділікті дамыту мақсатында мейірімділік Күніне арналған Әлемге күлкі сыйлы сабағы өткізілді. Игілі істер сұрақ-жауабы, өлеңдер оқу және тақырыптық коллаж бойынша жұмыс істеу балаларға көтерінкі көңіл-күй сәттерін сыйлады.

Салауатты өмір салтын ұстануға тарту – үйірме мүшелерінің кезекті кездесуінің басты тақырыбы болды. Мұнда олар адам құрылысының ерекшеліктері туралы, күн тәртібін сақтану және физикалық жаттығулар туралы білімдерін ғана емес, аппликациямен жаңа жұмыс түрлерін игерді.

Ермексазбен сурет салу шеберлік сыныбы Мультфильмдер кейіпкері бейнеролигінен басталды. Бұдан кейін қатысушылар таңдап алынған кейіпкерін ермексазбен сурет салу арқылы сомдауға кірісті. Дайын жұмыстар көрмеге қойылды. Осы сияқты сабақтар қағаздан гүл жасау үшін де өткізілді.