Орталық Қазақстан – Қазақстанның жүрегі. Қарағанды облысының жерінде әкімшілік-аумақтық бірлігі орталығы Киевка кентімен Нұра ауданы орналасқан. Ол өзінің тарихи жолын жиырмасыншы ғасырдың 28 жылы бастаған, ал 1932 жылы Қарағанды облысының бөлігіне айналған.
Нұра ауданы – табиғи байлықтардың қазына қоймасы. Республиканың ең жазық бөлігінде орналасқан, ауа райы – күрт құбылмалы. Қыста аяз 45-50 градусқа жетеді, ал жазда 40-45 градусқа дейін ыстық болады, жазы өте ыстық және құрғақ. Орталықтың жазық бөлігінде қатты желдер де болып тұрады.
Нұра ауданының алатын аумағы 21 000 шаршы шақырым. Нұра ауданының солтүстік шекарасында Есіл ө., шығысында – Семей облысымен шекара, оңтүстігінде – Нұра мен Сары су өзендері алаптарының арасындағы су айыратын сала, батысында – Есен мен Сыртқа өзендерінің су айрығы және Нұра өзенінің сол жағасы орналасқан.
Оның жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай. Евразия материгінің тап ортасында жазғы және күзгі жайлаулар созылып жатыр, таулар мен төбелер көгілдір түспен жарқырап тұр. Сарыарқаның жазығында тырналар, аққулар, құтандар, үйректер, қаздар жүретін Теңіз көлінен басқа, 200-ден астам көл бар.
Өлкеде археологиялық және этнографиялық объектілер сақталған ескерткіш орындар көп.Ежелгі тарих та ауданның аумағында өзінің көптеген іздерін қалдырған. Бірнеше экспедициядан кейін ауданнан археологиялық көрікті жерлер табылған, ал бүгінде олардың саны екі жүзден де асып кеткен. Соңғы археологиялық қазба жұмыстары Сарыарқаның даласы Ұлы Жібек жолының сауда және мәдени саласына кіргенін дәлелдейді.
Тарихымен, салт-дәстүрімен бай жер, таңғажайып және алуан түрлі Нұра ауданының табиғаты ешкімді енжар қалдырмайды.