Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жыл сайын келешегі бар қызмет саласындағы жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету керектігі туралы үнемі айтып отырады. Агробизнес-2020, Бизнестің жол картасы-2020, Жұмыспен қамту 2020 жол картасы арнайы мемлекеттік бағдарламалары жасалған. Қазақстан осы жылы Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2020 жж. арналған бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті, оған қоса жаппай және отбасылық кәсіпкерлікті, бизнесті ұйымдастыруға оқытуды және қаржылық сауаттылықты дамытуға және қолдау көрсетуге маңызды орын бөлінген.
Жаңа бастаған кәсіпкерге көмек ретінде, Нұра ауданының кітапханаларының кітап қорларына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы дайындап шығарған – Шағын бизнеске арналған 100 жоба анықтамалығы түскен. Бұл анықтамалық ең алдымен ауыл кәсіпкерлеріне арналған. Онда біздің қоғамда талап етілетін 100 бизнес-идея бар. Анықтамалықта агроөнеркәсіптік бағытта ұсынылған әрбір бизнес-жобаға есеп жасалған. Жобаларда түпкі өнім өндіру, нарық саласы мен көлемінің қысқаша талдануы, калькуляциямен өндіру технологиясы, өсімдік және мал шаруашылығының технологиялық картасы, құрал-жабдықтар, өтелімділік есептеулері, қаржыландыру көздері мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат ұсынылған.
Шағын бизнеске арналған 100 жоба анықтамалығының электронды үлгісімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар:
https://yadi.sk/i/IiRndi0htEAhW– қазақ тіліндегі нұсқа
https://yadi.sk/i/ewRXCEkutEAhQ– орыс тіліндегі нұсқа